Ресей Президенті Владимир Путин Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасай алатын сотталғандар санатының тізімін кеңейтетін заңға қол қойды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Жаңа заң бойынша қолма-қол ақша контрабандасы, бандаға немесе қылмыстық қоғамдастыққа қатысқаны, сондай-ақ күзетілетін нысанға заңсыз кіруі үшін сотталған азаматтар әскери қызметке келісімшарт бойынша алынады. Сонымен қатар, отын-энергетика кешені нысандарының қауіпсіздік және терроризмге қарсы қорғау ережелерін бұзғаны, стратегиялық тауарларды, мәдени құндылықтарды, Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді және олардың туындыларын ірі көлемде контрабанда жасағаны үшін сотталғандар да келісімшарт жасай алады. Тізімге есірткі құралдарының контрабандасы да енгізілген.
Құжат ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланды. Сонымен қатар, Путин әскери келісімшарттарға қатысты тағы бір заңға қол қойды. Онда мобилизация немесе соғыс жағдайы кезеңінде қызметке шақырылған, осы кезеңде келісімшарт жасасқан немесе аталған кезеңде әскери қызмет өтіп жатқан адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін тұлғалардың тізбесі айқындалған.
Бұған дейін бұл заң жобасын Мемлекеттік Дума қабылдаған болатын. Құжат бірнеше күн бұрын Ресей үкіметі тарапынан қарауға енгізілген еді.


