Қазақ тіліне деген сүйіспеншілік шекара білмейді: біреу оны өз бетінше меңгеріп, сол тілде ән салса, біреу отбасылық тойға қазақ әнін таңдайды, тағы біреуі өз орындауымен әлеуметтік желіні бағындырады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Түркиялық қыз қазақ тілін үйреніп, сол тілде ән салып, еліміздің тұрғындарын тебірентерді.
Қазақ мәдениетіне құрмет танытқан қалыңдықтың ата-анасы Денис пен Валерия да болды. Олар қызының тойында қазақ тілінде ән салып, елдің мәдениеті мен тіліне деген терең құрметін білдірді.
Богдан есімді жас бала қазақ әнін орындауымен желі қолданушыларын бағындырды. Оның өнеріне тәнті болғандар пікірлерде жарыса жазып жатыр: "Жарайсың, Қудайберген!".
Осы және басқа да қызықты, жігерлендіретін бейнежазбаларды Instagram желісіндегі Dala.Vibe парақшасынан табуға болады. Жазылып қойсаңыз, бүкіл Қазақстандағы жігерлендіретін оқиғалар, жақсылыққа толы хикаялар мен жарқын жобалар туралы бірінші болып біле аласыз.


