Братиславада жастар арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионаты (20 жасқа дейін) басталып, алғашқы жүлделер жиынтығы сарапқа салынды. Грек-рим күресінен сынға түскен қазақстандық балуан Еркебұлан Анапия 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделі орыннан бір қадам ғана қалды, деп хабарлайды infohub.kz.

Анапияның қола үшін белдесуге жолы өзбекстандық Огарбек Аскаралиевті 10:4 есебімен сенімді түрде ұтудан басталды. Алайда екінші айналымда ол әзірбайжандық Джавидан Нахматовқа 5:7 есебімен есе жіберді. Күміс жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандық грек Адмантиос Пападатосты 8:1 есебімен тізе бүктіріп, қола үшін белдесуге құқық алды.

Қола үшін шешуші белдесуде Еркебұланның қарсыласы ирандық Амир Махди Мохаммад Саеди Нава болды. Ол 5:3 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті. Осылайша, Анапия турнирде төртінші орынға табан тіреді.

Қазақстандық басқа грек-рим балуандары — Диас Кертай (63 кг), Алихан Тагаев (87 кг) және Бахтияр Казиев (130 кг) — 1/8 финал кезеңінде медальға таласудан шығып қалды.

Словакия астанасында Халықаралық күрес федерациясының (UWW) эгидасымен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігіне барлығы 700 жас спортшы қатысуда. Олар грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 120 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Братиславадағы жарыста Қазақстан атынан 30 спортшы — 20 жігіт пен 10 қыз — сынға түседі.

Жастар арасындағы әлем чемпионаты 23 тамызға дейін жалғасады.