Биатлоннан Қазақстан құрамасы 2026/27 маусымындағы Әлем кубогінің бірінші кезеңінде бір күнде өткен екі эстафетаның ешқайсысында да мәреге жете алмады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
28 қараша, сенбі күні финляндиялық Контиолахтиде жекелей және классикалық аралас эстафеталар өтті. Бағдарламаның бірінші түрінде Қазақстан намысын Милана Генева мен Владислав Киреев қорғады. Үшінші кезеңде олар көш бастағандардан бір шеңберге қалып қалды, сол себепті жарыстан шығарылды. Қорытынды хаттамада Генева мен Киреев соңғы, 26-орынға тұрақтады.
Сингл-миксте швециялық Элла Хальварссон мен Себастьян Самуэльссон жеңіске жетті. Күмісті немістер Марлен Фихтнер мен Юстус Стрелов, қоланы француздар Лу Жанмонно мен Эрик Перро алды. Төртінші орынды норвегиялық Каролин Кноттен мен Стурла Лагрейд иеленді. Үздік бестікті гренландиялық Укалек Астри Слеттемарк пен Сондре Слеттемарк түйіндеді.
Классикалық аралас эстафетада Қазақстан құрамасы екінші кезеңде жарыстан шықты. Дарья Климина мен Айша Ракишева бір-бір рет айып шеңберіне кірді, ал Кирилл Бауэр мен Александр Мухин трассаға шығуға үлгермеді. Қорытынды хаттамада команда 22-орын алып, тек Литваны ғана басып озды.
Жеңісті норвегиялық Марте Йохансен, Марен Киркейде, Йохан-Олав Ботн және Ветле Шостад Кристиансен бұйыртты. Күмісті француздар Жюлия Симон, Осеан Мишлон, Оскар Ломбардо және Эмильен Клод алды. Қоланы немістер Ванесса Фойт, Янина Хеттих-Вальц, Филипп Наврат және Филипп Хорн иеленді.
Пьедесталдан бір қадам қалғанда чехиялық Джессика Йислова, Люси Харватова, Витезслав Хорниг және Михал Крчмар тоқтады. Бесінші орынды италиялық Ханна Аухенталлер, Микела Каррара, Лукас Хофер және Томмазо Джакомель алды.


