
- 04 шіл. 2025 09:14
- 35
Қазақстанға заңсыз жолмен кіргізілген 56 мың көлік тексеріледі – депутат Саиров дабыл қақты
Қазақстанға заңсыз жолмен кіргізілген 56 мың көлік тексеріледі – депутат Саиров дабыл қақты
Қазақстан шекарасы арқылы ЕАЭО елдерімен қатар, үшінші мемлекеттерден заңсыз автокөліктер кіріп жатыр. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл жағдай ішкі нарыққа зор қауіп төндіріп, ел экономикасына миллиардтаған шығын әкелуде.
«Екі жыл ішінде елімізге 56 мың автомобиль заңсыз кіргені айтылуда. Бұл – Қазақстан экономикасына 70 млрд теңге залал келді деген сөз. Ал бейресми ақпараттарға сенсек, оң рульді жапон көліктері бөлшек күйінде кіргізіліп, осында құрастырылып, жаңадан құжат дайындалып жатыр. Мұндай әрекеттерден жүздеген миллиард теңге залал келуі мүмкін», – деді Саиров.
Ол бұл мәселе бойынша Үкіметтің нақты қадағалау жүргізуін талап етті.
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл жайттан хабардар екенін айтып, уәкілетті органдар заңсыз көлік кіргізу фактілерін тексеретінін жеткізді.