
- 14 сәу. 2025 08:23
- 115
Қазақстанның 14 жасқа дейінгі теннисшілер құрамасы тұңғыш рет іріктеу финалында
Қазақстанның жас теннисшілері тарихта алғаш рет World Junior Tennis Competition турнирінің Азия/Океания аймағы бойынша іріктеу кезеңінің финалына жолдама алды. Бұл – еліміздің 14 жасқа дейінгі ұлттық құрамасы үшін зор жетістік.
Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан беделді жарыстың жартылай финалында Сагадат Аяп жаттықтыратын жасөспірімдер құрамасы Гонконг командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Құраманың табандылығы мен дайындығы шешуші сәтте өз нәтижесін берді.
Финал 14 сәуір күні өтеді. Қазақстандықтар шешуші кездесуде Жапония құрамасымен кортқа шығады. Айта кетейік, бұған дейін топтық кезеңде дәл осы Жапонияға 1:2 есебімен жол берген болатын. Енді жерлестерімізде қарымта қайтаруға нақты мүмкіндік бар.
Бұл нәтиже – қазақстандық теннистің дамып келе жатқанын көрсететін жарқын дәлел. Жас спортшылар мен олардың бапкерлік құрамына жанкүйерлер үлкен сенім артып отыр.