Бұрынғы басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековтің ұсталғанынан кейін «Қазатомпром» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі компания тергеумен ынтымақтасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Өз мәлімдемесінде АҚ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сілтеме жасайды. Онда «Қазатомпромның» өндіріс жөніндегі бас директоры — басқарма мүшесі қызметін атқарған Қуаныш Омарбековке және басқа да адамдарға қатысты сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға қатысы бар деген күдікпен тергеу іс-шаралары басталғаны көрсетілген.

«Компания құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып, тергеуге қажетті көмек көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес компания тергеу жүргізіліп жатқан кезеңде түсініктеме беруге құқылы емес», — деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

«Қазатомпром» жұмысын қалыпты режимде жалғастырып жатқаны хабарланды. Компания акционерлер мен барлық мүдделі тараптардың күтулеріне сәйкес 2026 жылға арналған барлық өндірістік және қаржылық болжамдардың орындалатынын растады.

«„Қазатомпромның“ даму стратегиясы өзгеріссіз қалады, стратегиялық міндеттерді іске асыру бекітілген жоспарларға сәйкес жалғасуда. Компания ашықтық, айқындық және кез келген құқықбұзушылыққа төзбеушілік қағидаттарын ұстанады», — деп қосты АҚ-да.