Қызыл кітапқа енген өсімдіктер
“Қызыл кітапта” дүниежүзінде жоғалып кету қаупі бар ерекше қорғалатын жануарлар мен өсімдіктер жазылған. Кітапта ерекше қорғалатын өсімдік мен жануар атауы ғана емес, сонымен қатар олардың қазіргі саны мен жағдайы да көрсетіледі. “Қызыл кітапқа” енген жануарлар мен өсімдіктер ерекше қорғалуы керек.
“Қызыл кітапта” халықаралық, ұлттық немесе аудандық болып бөлінеді. Әр елдің өз “Қызыл кітабы” бар. Кей мемлекетте бұл кітап заң құжаты түрінде қолданылады, яғни онда жазылған жануар мен өсімдікті бүлдірсе, қылмыскердің қалай жазаланатыны да бекітілген.
Қызыл кітаптың қара, қызыл, сары, жасыл, сұр және ақ түсті беттері бар. Қара беттерде жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кеткен түрлердің тізімі беріледі. Мысалы, енді ғаламшарымызда теңіз сиыры жоқ. Қызыл беттерде жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер тізімі беріледі. Ғалымдардың болжамы бойынша жуық арада ілбіс немес қар барысы секілді жануарлар әлемінің бір өкілін жоғалтып алу қаупінде тұрмыз. “Қызыл кітаптың” сары беттерінде саны тез азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер әлемінің өкілдерінің тізімі берілген. Мысалы, ақ аюлар немесе қоқиқаздар. Ақ беттерінде қашанда саны аз болып келген жануарлар тізімі берілген. Мысалы, көк кит. Сұр беттерінде тіршілік ету ортасына қол жеткізілмеген түрлер тізімі. Оған орасан жылан – анакондалар жатады. Жасыл беттерде жойылып кету қаупінен аман қалған жануарлар мен өсімдіктер тізім берілген. Мысалы, құндыз.
Қазақстанның қызыл кітабына омыртқалылардың 129 түрі, балық пен дөңгелек ауыздылардың 18 түрі, 3 қосмекенді, 10 бауырымен жорғалаушы, сонымен қатар құстың 58 түрі, 40 сүтқоректі жануар енген.
Сонымен қатар Қазақстанның қызыл кітабына өсімдіктердің 373 түрі мен саңырауқұлақтың 13 түрі және 1 қына енген.
Қазақстан маңында ерекше қорғалатын өсімдіктердің тізімін ұсынамыз:
“Қызыл кітапқа” енген өсімдіктер
№ | Өсімдіктердің атауы | Өсімдіктердің ғылыми атауы | Тұқымдасы |
---|---|---|---|
1 | Қалқан асаймұса | Abelia corymbosa | Ұшқаттар тұқымдасы |
2 | Кәдімгі өрік | Armeniaca vulgaris | Раушангүлдер тұқымдасы |
3 | Шолпаншаш сүмбілі | Adiantum capillus-veneris | Сүмбілдер тұқымдасы |
4 | Көктем жанаргүлі | Adonis vernalis | Сарғалдақтар тұқымдасы |
5 | Линчевский кемпіршөбі | Acantholimon linczevskii | Кермек тұқымдасы |
6 | Ірі жапырақты алкор | Mediasia macrophylla | Күрделігүлділер тұқымдасы |
7 | Аққаңбақтүсті аллохруза | Allochrusa gypsophiloides | Қалампырлар тұқымдасы |
8 | Жұмыр бозтүк | Anaphalis racemifera | Күрделігүлділер тұқымдасы |
9 | Корольков шаяноты | Arum korolkowii | Шаяноттар тұқымдасы |
10 | Мияжапырақ таспа | Astragalus glycyphyllos | Бұршақ тұқымдасы |
11 | Шегіршінжапырақ тасжаңғақ | Aflatunia ulmifolia | Раушангүлдер тұқымдасы |
12 | Іле бөріқарақаты | Berberis iliensis | Бөріқарақат тұқымдасы |
13 | Ірі гүлді шолпанкебіс | Cypripedium macranthon | Сүйсіндер тұқымдасы |
14 | Секпіл шолпанкебіс | Cypripedium gauttatum | Сүйсіндер тұқымдасы |
15 | Сары лапыз | Colchicum luteum | Мелантия тұқымдасы |
16 | Кессельринг лапызы | Colchicum kesselringii | Мелантия тұқымдасы |
17 | Коопман өгейбұтасы | Euonymus koopmannii | Өгейбұталар тұқымдасы |
18 | Қызыл қайың | Betula kirghisorum | Қайыңдар тұқымдасы |
19 | Талас қайыңы | Betula talassica | Қайыңдар тұқымдасы |
20 | Ярмоленко қайыңы | Betula jarmolenkoana | Қайыңдар тұқымдасы |
21 | Талас бәрпісі | Aconitum talassicum | Сарғалдақтар тұқымдасы |
22 | Қаршыл шүйгіншөп | Valeriana chionophila | Шүйгіншөптер тұқымдасы |
23 | Түркістан гүлкекіресі | Centaurea turkestanica | Күрделігүлділер тұқымдасы |
24 | Кәдімгі жүзім | Vitis vinifera | Жүзім тұқымдасы |
25 | Виталий шөмішгүлі | Aquilegia vitalii | Сарғалдақтар тұқымдасы |
26 | Шылым | Trapa natans | Рогульник тұқымдасы |
27 | Алтай қасқыржидегі | Daphne altaica | Тимелеялар тұқымдасы |
28 | Алтай торсылдағы | Gymnospermium altaicum | Бөріқарақат тұқымдасы |
29 | Қабықты жалынгүл | Coronaria coriacea | Қалампырлар тұқымдасы |
30 | Попов қазжуасы | Gagea neo-popovii | Лалагүлдер тұқымдасы |
31 | Альпі дифазиструмы | Diphasiastrum alpinum | Шоқпарбастар тұқымдасы |
32 | Қар дәуаяғы | Macropodium nivale | Айқышгүлдер тұқымдасы |
33 | Батпақ жылантамыры | Epipactis palustris | Сүйсіндер тұқымдасы |
34 | Кәдімгі емен | Quercus robur | Шамшатыр тұқымдасы |
35 | Сарғылт сарыбасшөп | Erysimum croceum | Айқышгүлділер тұқымдасы |
36 | Іле үшқаты | Lonicera iliensis | Ұшқаттар тұқымдасы |
37 | Қаратау ұшқаты | Lonicera karataviensis | Ұшқаттар тұқымдасы |
38 | Қаратау жыланбасы | Dracocephalum karataviense | Ерінгүлділер тұқымдасы |
39 | Кауфман ирекжапырағы | Ikonnikowia kaufmanniana | Кермек тұқымдасы |
40 | Колпаковский иридодиктиумы | Iridodictyum kolpakowskianum | Құртқашаштар тұқымдасы |
41 | Сібір қандығы | Erythronium sibircum | Лалагүлдер тұқымдасы |
42 | Крашенников сартүтігі | Cancriniella kraschennikovii | Күрделігүлділер тұқымдасы |
43 | Кавказ таутағаны | Celtis caucasica | Таутағандар тұқымдасы |
44 | Альберт құртқашашы | Iris alberti | Құртқашаштар тұқымдасы |
45 | Бұғы мүгі немесе Ягель | Cladina rangiferina | Кладина тұқымдасы |
46 | Қауырсынды қау | Stipa pennata | Астық тұқымдасы |
47 | Сарғыш сарана | Hemerocallis lilo-asphodelus | Лалагүлдер тұқымдасы |
48 | Ақ тұңғиық | Nymphaea alba | Тұңғиықтар тұқымдасы |
49 | Іріжапырақ көбенқұйрық | Cousinia grandifolia | Күрделігүлділер тұқымдасы |
50 | Мыңжылқы көбенқұйрығы | Cousina mindschelkensis | Күрделігүлділер тұқымдасы |
51 | Мүшкетов түйесіңірі | Atraphaxis muschketowii | Тарандар тұқымдасы |
51 | Мамыр қыңжыгүлі | Convallaria majalis | Лалагүлдер тұқымдасы |
52 | Тамаша ассүттіген | Prenanthes mira | Күрделігүлділер тұқымдасы |
53 | Қаратау сетені | Lepidolopha karatavica | Күрделігүлділер тұқымдасы |
54 | Шаттауық немесе Кәдімгі орманжаңғақ | Corylus avellana | Қайыңдар тұқымдасы |
55 | Северцов жалғаншөлмасағы | Pseuderemostachys sewerzowii | Ерінгүлдер тұқымдасы |
56 | Бұйра лалагүл | Lilium martagon | Лалагүлдер тұқымдасы |
57 | Қаратау жалған бозкілемі | Pseudosedum karatavicum | Жасаңшөптер тұқымдасы |
58 | Жаңғақты лотос | nelumbo nucifera | Лотос тұқымдасы |
59 | Афлатун жуасы | Allium aflatunens | Жуа тұқымдасы |
60 | Түпті жуа | Allium caespitosum | Жуа тұқымдасы |
61 | Ұсақторлы жуа | Allium microdictyon | Жуа тұқымдасы |
62 | Тамырлы жуа | Allium polyrhizum | Жуа тұқымдасы |
63 | Піскем жуасы | Allium pskemense | Жуа тұқымдасы |
64 | Суворов жуасы | Allium suworowii | Жуа тұқымдасы |
65 | Ақсары жоңышқа | Medicago ochroleuca | Бұршақ тұқымдасы |
66 | Мақсыр маралтамыры | Rhaponticum carthamoides | Күрделігүлділер тұқымдасы |
67 | Аласа дестегүл | Merendera robusta | Мелантия тұқымдасы |
68 | Попов дембеті | Mertensia popovii | Айлауықтар тұқымдасы |
69 | Ледебур бадамы | Amygdalus lebedouriana | Раушангүлдер тұқымдасы |
70 | Зеравшан аршасы | Juniperus seravschanica | Сауырағаш тұқымдасы |
71 | Ярослав сүттігені | Euphorbia yaroslavii | Сүттіген тұқымдасы |
72 | Зайсан лақсасы | Echinops saissanicus | Күрделігүлділер тұқымдасы |
73 | Қоқан салпысы | Morina kokanica | Салпыстар тұқымдасы |
74 | Кәдімгі жұмсақжеміс | Malacocarpus crithmifolius | Адыраспан тұқымдасы |
75 | Ірі кекіребас | Jurinea robusta | Күрделігүлділер тұқымдасы |
76 | Жапырақсыз орашық | Epipogium aphyllum | Сүйсіндер тұқымдасы |
77 | Жетісу күреңкөкгүлі немесе Қызыл адыраспан | Niedzwedzkia semiretschenskia | Бигнония тұқымдасы |
78 | Жабысқақ қандыағаш | Alnus glutinosa | Қайыңдар тұқымдасы |
79 | Көрікті ойраш | Ostrowskia magnifica | Қоңыраугүл тұқымдасы |
80 | Алматы кекіресі | Oxytropis almaatensis | Бұршақ тұқымдасы |
81 | Талас кекіресі | Oxytropis talassica | Бұршақ тұқымдасы |
82 | Фукс бармақтамыры | Dactylorhiza fuchsii | Сүйсіндер тұқымдасы |
83 | Минквиц наурызшешегі | Primula minkwiziae | Наурызшешек тұқымдасы |
84 | Фальконер бауыршөбі | Hepatica falconeri | Сарғалдақтар тұқымдасы |
85 | Сәлдегүл таушымылдығы | Paeonia hybrida | Таушымылдықтар тұқымдасы |
86 | Кәдімгі таушымылдық | Paeonia anomala | Таушымылдықтар тұқымдасы |
87 | Келлер кестежусаны | Pyrethrum kellerii | Күрделігүлділер тұқымдасы |
88 | Таңдамалы шоқпарбас | Huperzia selago | Шоқпарбастар тұқымдасы |
89 | Дәрмене | Artemisia cina | Күрделігүлділер тұқымдасы |
90 | Сарғылт құндызшөп | Pulsatilla flavescens | Сарғалдақтар тұқымдасы |
91 | Ашық құндызшөп | Pulsatilla patens | Сарғалдақтар тұқымдасы |
92 | Регел тарбақайы | Rhaphidophyton regelii | Алабұталар тұқымдасы |
93 | Алтай рауғашы | Rheum altaicum | Тарандар тұқымдасы |
94 | Виттрок рауғашы | Rheum wittrockii | Тарандар тұқымдасы |
95 | Қызғылт семізот | Rhodiola rosea | Жасаңшөптер тұқымдасы |
96 | Маймұр немесе Ақшыл секпілгүл | Fritillaria pallidiflora | Лалагүлдер тұқымдасы |
97 | Алтай таутобылғысы | Sibiraea altaiensis | Раушангүлдер тұқымдасы |
98 | Янчевский қарақаты | Ribes janczewskii | Қарлығандар тұқымдасы |
99 | Қатпарлы шұбаршөп | Saussurea involucrata | Күрделігүлділер тұқымдасы |
100 | Шренк тобылғытүсі | Spiraeanthus schrenkianus | Раушангүлдер тұқымдасы |
101 | Пятаева сертебесі | tanacetopsis pjataevae | Күрделігүлділер тұқымдасы |
102 | Берікқара терегі | Populus berkarensis | Талдар тұқымдасы |
103 | Тораңғы | Populus pruinosa | Талдар тұқымдасы |
104 | Альберт қызғалдағы | Tulipa alberti | Лалагүлдер тұқымдасы |
105 | Жауқазын немесе Бәйшешек | Tulipa biebersteiniana | Лалагүлдер тұқымдасы |
106 | Борщов қызғалдағы | Tulipa borszczowii | Лалагүлдер тұқымдасы |
107 | Грейг қызғалдағы | Tulipa greigii | Лалагүлдер тұқымдасы |
108 | Зинайда қызғалдағы | Tulipa zenaidae | Лалагүлдер тұқымдасы |
109 | Кауфман қызғалдағы | Tulipa kaufmanniana | Лалагүлдер тұқымдасы |
110 | Колпаковский қызғалдағы | Tulipa kolpakowskiana | Лалагүлдер тұқымдасы |
111 | Қысқа аталық қызғалдағы | Tulipa brachystemon | Лалагүлдер тұқымдасы |
112 | Леман қызғалдағы | Tulipa lehmanniana | Лалагүлдер тұқымдасы |
113 | Дарагүлдер қызғалдағы | Tulipa uniflora | Лалагүлдер тұқымдасы |
114 | Островский қызғалдағы | Tulipa ostrowskiana | Лалагүлдер тұқымдасы |
115 | Кеш қызғалдақ | Tulipa tarda | Лалагүлдер тұқымдасы |
116 | Жатаған қызғалдақ | Tulipa patens | Лалагүлдер тұқымдасы |
117 | Алакүлте қызғалдағы | Tulipa heteropetala | Лалагүлдер тұқымдасы |
118 | Регель қызғалдағы | Tulipa regelii | Лалагүлдер тұқымдасы |
119 | Күмәнді қызғалдағы | Tulipa dubia | Лалагүлдер тұқымдасы |
120 | Шымған қызғалдағы | Tulipa tschimganica | Лалагүлдер тұқымдасы |
121 | Шренк қызғалдағы | Tulipa schrenkii | Лалагүлдер тұқымдасы |
122 | Северцов қарақабағы | Ungernia sewerzowii | Амариллистер тұқымдасы |
123 | Кәдімгі пыста | Pistacia vera | Сумахтар тұқымдасы |
124 | Ақжолақ сасыр | Ferula leucographa | Шатыршагүлділер тұқымдасы |
125 | Семенов айдаршөбі | Corydalis semenovii | Көгілдір тұқымдасы |
126 | Жауқазын немесе Алатау бәйшешегі | Crocus alataevixus | Құртқашаштар тұқымдасы |
127 | Корольков бәйшешегі | Crocus korolkowii | Құртқашаштар тұқымдасы |
128 | Түбірлі томағашөп | Scutellaria subcaespitosa | Ерінгүлдер тұқымдасы |
129 | Тауқалуен | Schmalhausenia nidulans | Күрделігүлділер тұқымдасы |
130 | Культиасов батаны | Schrenkia kultiassovii | Шатыршагүлділер тұқымдасы |
131 | Иткүшала | Eminium lehmannii | Аройниктер тұқымдасы |
132 | Илария шырышы | Eremurus hilariae | Асфодел тұқымдасы |
133 | Алматы шиқылдағы | Juno almaatensis | Құртқашаштар тұқымдасы |
134 | Көкшіл шиқылдақ | Juno coerulea | Құртқашаштар тұқымдасы |
135 | Кушакевич шиқылдағы | Juno kuschakewiczii | Құртқашаштар тұқымдасы |
136 | Сүйсін шиқылдағы | Juno orchioides | Құртқашаштар тұқымдасы |
137 | Недзвеция алмасы | Malus niedzwetzkyana | Раушангүлдер тұқымдасы |
138 | Сиверс алмасы | Malus sieversii | Раушангүлдер тұқымдасы |
139 | Соғды шағаны | Fraxinus sogdiana | шаған тұқымдасы |