Алматының Жетісу ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметке бұрын Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған Қурасбек Сәдібеков келді. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, тиісті өкімге қала әкімі Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігімен және қалалық мәслихатпен келісе отырып қол қойған.
Қурасбек Сәдібеков 1989 жылы 28 желтоқсанда Астанада дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Манчестер университетінде (Ұлыбритания) «халықаралық даму: саясат, басқару және даму стратегиясы» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған.
Еңбек жолын 2011 жылы Шымкент қаласындағы Абай ауданы әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастаған.
2013–2017 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитетінде түрлі лауазымдар атқарған.
2014–2017 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінде бас сарапшы болып жұмыс істеген.
2017–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі болған.
2019–2022 жылдары Ташкент қаласындағы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінде үшінші хатшы ретінде дипломатиялық қызмет атқарған.
2022 жылдың қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметінде болды.
2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің инспекторы лауазымын атқарған.
2025 жылдың мамырынан Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметінде болды.


