Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 04 мам. 2026 21:00
- 33
Қызылордадағы колледж директорының бейтаныс әйелмен жақын қарым-қатынастағы видеосы жұртшылықты дүрліктірді
Соңғы күндері Facebook желісінде тараған бір бейнежазба қоғам назарын өзіне аударды. Видеода білім беру мекемесінің басшысы жұмыс орнында отырған әйелмен жақын қарым-қатынас жасап тұрғаны көрінеді. Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желідегі ақпараттарға сүйенсек, оқиға Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы колледждердің бірінде болған деген болжам бар. Алайда бұл мәлімет әлі ресми түрде расталмады.
Құзырлы органдардан жауап күтуде
Қоғамда үлкен резонанс тудырғанына қарамастан, құзырлы органдар тарапынан әзірге нақты жауап жоқ. Әсіресе, Қызылорда облыстық білім басқармасының үнсіздігі жұртшылықтың наразылығын күшейтуде. Мемлекеттік орган үшін мұндай жағдайда жедел әрі нақты түсініктеме беру – міндет.
Басқарма басшысының жауапкершілігі
Басқарманың үнсіздігін түрлі себептермен байланыстырып жатқандар да бар. Кейбір желі қолданушылары басқарманың баспасөз қызметі әлсірегенін, тіпті жауапты маманның болмауы мүмкін екенін алға тартады.
Мәселенің мән-жайын сұрамақ болып, Жаңақорған аудандық әкімдігіне хабарласқанымызда, олар оқиға орын алған мекеменің аудандық білім бөліміне емес, тікелей Қызылорда облыстық білім басқармасына қарайтынын жеткізді. Алайда облыстық білім басқармасымен байланысу мүмкін болмады.
Ең басты сұрақ – басқарма басшысы Асқарбек Есжанов неге үнсіз? Қоғам талқылап жатқан мәселенің анық-қанығын айтып, рас-өтірігін ажыратып беретін негізгі тұлға дәл өзі емес пе? Мұндай жағдайда үнсіз қалу – мәселені ушықтыра түспесе, шешпейтіні анық.