Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
«Қызыңның сүйегін алып кет»: Жаңа түскен келіннің өлімі елді дүрліктірді

Өзбекстанның Ташкент облысында жас келіннің жұмбақ өлімі жұртшылықты алаңдатты. Тұрмысқа шыққанына небәрі үш күн болған бойжеткеннің қазасы қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анасы қызының өліміне күдік келтіреді

Марқұмның анасы телебағдарламада сұхбат беріп, қызының өліміне қатысты күдігі барын айтты. Оның айтуынша, жалғыз қызын Келес қаласына тұрмысқа берген. Күйеу жігіттің отбасы бай-қуатты екенін айтып, құдалыққа келіскен.

«Бұл менің жалғыз қызым еді. Күйеуім қайтыс болған соң, барымды салып, жақсы той жасағым келді. Алайда, тойдан үш күн өткен соң маған «Қызыңның сүйегін алып кет» деген хабар келді. Мұндай сөзді есту өте ауыр», – деп күйзелісін жеткізді анасы.

Оқиға 6 сәуір күні кешкісін болған. Анасының сөзінше, қызы тұрмысқа шыққаннан кейін өзін бақытты сезінгенін айтып, видео арқылы жақындарына қуанышын білдіріп жүрген.

«Оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес», – деп сенімді түрде айтты марқұмның анасы.

Енесінің жауабы

Ал келіннің енесі бұл жағдайға ешкімнің қатысы жоқ екенін алға тартты. Оның айтуынша, іс жабылып тастаған.

«Сол күні үйде ешкім болған жоқ. Түскеніне үш күн болған келінді өлтіру мүмкін емес», – деді енесі.

Марқұмның отбасы жергілікті жерде сыйлы болғаны, ал анасы екі баласын жалғыз тәрбиелеп өсіргені айтылады.

Ресми тексеру нәтижесі

Бас прокуратура жүргізген тексеру қорытындысы бойынша, марқұмның денесінен тұншығу белгілері анықталмаған. Тергеуге дейінгі тексеру барысында қылмыс құрамының жоқтығына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған.

Жаңалықтар

Жарнама