Илон Масктың компаниясының зымыраны 8700 км/сағ жылдамдықпен бүгін Ай бетіне соғылды, деп хабарлайды infohub.kz.

BBC агенттігінің мәліметінше, SpaceX зымыранының сынығы ғарышта 18 айдан астам ұшқаннан кейін Айға құлады. Әлемдік БАҚ пен ғалымдар бұл оқиғаны тікелей эфирде бақылады.

Ғалымдардың дерегінше, нысан шамамен 2,43 км/сек жылдамдықпен қозғалған, бұл 8700 км/сағ-қа тең.

Айға құлаған Falcon 9 зымыранының болжамды бөлігі — жерге қонбайтын жоғарғы сатысы, оның көлемі шамамен бес қабатты үйдей. Бұл соққы SpaceX компаниясы 2025 жылдың қаңтарында екі америка-жапон ай модулін ұшырғаннан кейін гравитация мен күн сәулесінің әсерінен болған, деп жазады басылым.

НАСА бұл соққы Жерге ешқандай қауіп төндірмейтінін алға тартып отыр, ал астрономдар соққыдан пайда болған сынықтарды зерттеу үшін жарылыс орнын көру мүмкіндігін күтуде.

Кейбір ғалымдар жер тұрғындары ғарыштық қоқыстың жиналуы мен бұл соққылардың болашақ ғарышты игеруге әсері туралы алаңдауы керек екенін ескертеді.