Танымал әнші Рианна жаңа фотосессияға бір жасар қызымен бірге қатысты. Жұлдыздың бір образы ашық болып шықты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
38 жастағы әртіс Instagram парақшасында атақты француз сән үйі Dior-дың жаңа коллекциясы үшін түсірілген кадрларды жариялады. Суреттердің бірінде әнші мен оның қызы Роки Айриш Майерс қара былғары курткалармен позаға тұрған.
Сонымен қатар жұлдыз жалаңаш күйінде, баласын қолына ұстап, кішкентай қара сөмкемен жабынып түскен.
«Ханым мен ханшайым», «Керемет және жарқыраған», «Бір отбасы сәнқой», «Мінсіздік», «Керемет әйел! Сен биіктесің», «Қандай сүйкімді», — деп жазды әншінің жанкүйерлері пост астында.
IMDb дерегінше, Рианна 1988 жылы 20 ақпанда Бриджтаунда дүниеге келген. Оның анасы — афро-гайаналық, әкесі — афро-барбадостық және Британ аралдарынан шыққан.
Болашақ жұлдыз сұлулық байқауларында бірнеше рет жеңіске жетіп, мектептің таланттар шоуында Мэрайя Кэридің Hero синглін орындаған. Өмірі түбегейлі өзгерген сәт — құрбыларының бірі оны Барбадосқа әйелімен бірге демалысқа келген нью-йорктік продюсер Эван Роджерспен таныстырған кез.
Ол Рианнаны сол кезде Def Jam Records компаниясының бас директоры болған рэпер Jay-Z-мен таныстырды. Ол жас әртісті тыңдап, оның әлемдік деңгейдегі жұлдызға айнала алатынын түсінді.
Рианна Def Jam-ға қол қойылғанда небәрі 16 жаста еді. Содан бері ол феноменалды табысқа жетті.
Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйегінде әнші Рианна мен оның жүрегінің қалаулысы, рэпер A$AP Rocky үшінші рет ата-ана атанды — қыздарын Роки Айриш Мейерс деп атады. Олардың RZA және Райот есімді екі ұлы да бар.


