Agility Robotics компаниясы өндірістегі қауіпсіздік ережелерін меңгерген Digit 5 гуманоидты роботын таныстырды: құрылғы еңкейіп, адамды көргенде жол беруді үйренді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Әзірлеушілер жаңа құрылғыны қозғалысты танудың күрделі жүйесімен жабдықтаған. Робот жанындағы адамды байқаған бойда бірден тоқтайды, қозғалыс траекториясын өзгертеді немесе автоматты түрде еңкейіп, құрмет көрсеткендей қалыпқа түседі. Бұл механизм зауыттар мен қоймалардағы қызметкерлердің денсаулығына кездейсоқ келетін қауіп-қатерді толық жою үшін жасалған.
Компания өкілдері жаңа құрылғыны жасауда өндірістегі қауіпсіздік басты басымдық болғанын атап өтті. Басқа компаниялардың бұрынғы буын роботтарында адамдарды жарақаттаған оқиғалар бірнеше рет болған. Осындай қауіптерді болдырмау және OSHA стандарттарына сай болу үшін әзірлеушілер жасанды интеллект алгоритмдері мен датчиктер кешенін енгізді.
Кіріктірілген қорғаныс жүйелерінен бөлек, роботтың техникалық сипаттамалары да жақсы. Құрылғының батареясы 90 минут автономды жұмысқа жетеді, сонымен қатар робот 22 килограмға дейінгі жүкті көтеріп, 2 метрден биік сөрелерге қол жеткізе алады. Өндіруші робот өнеркәсіп нысандарында толыққанды көмекші болады деп сенеді.


