- 12 мау. 2015 00:00
- 231
Роботтар мамандардың жартысын жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Британ ғалымдары роботтар адамдардың жұмыс орнын қаншалықты баса алатынын есептеді. Келешек көңіл көншітпейді: АҚШ-тың өзінде алғашқы онжылдықта мамандықтардың 47%-ы толықтай автоматтандырылған болуы мүмкін.
Зерттеумен Oxford Martin School ғалымдары айналысқан – бұл Оксфорд университетінің бөлімі. АҚШ-тағы мамандықтардың 700-ден астам өкілін басшылыққа алып, мамандар оларды бірнеше критерия бойынша қарастырған: білім деңгейінен бастап – тапсырма орындау барысындағы шығармашылық элементтеріне дейін. Олардың жартысына жуығы, 47% жұмыс орны, зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша автоматтандырылған болуы мүмкін.
Ғалымдар мұның бір себебі АҚШ-тағы жоғары білімге қол жетімділіктің төмендігі деп атайды. Сонымен қатар, технологияның дамуымен көптеген жұмыстарды роботтарға беру тиімдірек – экономика жағынан да, пайда әкелу жағынан да. Бірінші кезекте механизмдер еңбек нарығынан көлік саласының өкілдерін (авицацияда 18%-дан көшеден қоқыс шығаруда 93%-ға дейін) және қоғамдық тамақтандыру өкілдерін (мейрамхана аспазшысы маманының 96%-ын); және тіпті сот мамандарының 40%-ы, зерттеу авторларының пікірінше, жасанды интеллектпен алмастырыла алады. Алмастыруға келмейтін мамандықтардың ішінде – бастауыш сынып мұғалімдері мен би жаттықтырушылары (0,4%), дәрігерлер (саласына байланысты көрсеткіштер 0,3%-14% аралығын қамтиды) және компьютер жүйесін құрастырушы жүйелік сарапшылар (0,6%). Өз жұмыс орныңның келешегін, америкалық журналистер зерттеудің түпнұсқасына негізделіп жасаған онлайн-құрылғы арқылы тексеріп көруге болады.
Мемлекеттің тең жартысы жұмыссыз қалмас үшін, ғалымдар білім беру жүйесін қайта бағдарлауды ұсынады, оның уақыт сұранысына дайын ету керек дейді. Олар мұның бәрі – адамзат дамуының заңды кезеңі деп ескертеді. 18-19 ғасырдағы өндірістік төңкеріс нәтижесінде қол еңбегін механикаландырылған еңбек ысырды, соның салдарынан адамдар жаңа мамандықтарды үйренуіне мәжбүр болды. 21 ғасырда жұмысшылардың көбі техниканы басқарумен ғана айналысатын болады, ал олар сәйкесінше көптеген тапсырмаларды өздеріне алады. Мұны жоққа шығарудың еш мәні жоқ, керісінше жағдайға алдын ала дайын болған дұрыс.
Біраз уақыт бұрын заманауи ұлы ғалым Стивен Хокинг роботтардың адамдарды толықтай жеңетінін болжаған: дегенмен, бұл жақын арада болмайды. Бірақ қазірдің өзінде ұйқы мен күйзеліс роботтары қонақүй жұмысшыларын алмастыра алады, жол қозғалысын реттей алады, көлік жүргізіп, басқа да заттарды істей алады.