Сауд Арабиясы чемпионатының екінші турындағы астаналық дербиде «Әл-Наср» «Әл-Риядты» 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды infohub.kz.

Кездесу Эр-Риядтағы Принц Фейсал бин Фадха стадионында өтті. Қонақтардың құрамында голдарды қорғаушы Әбділәлә Әл-Әмри (18-минут), бразилиялық шабуылшы Габриэл Анжело (45+1), сондай-ақ португалиялық шабуылшылар Жоау Феликс (58) және Криштиану Роналду (84) соқты.

«Әл-Наср» капитаны биылғы маусымда алғаш рет ойынға өтінімге енді. Роналду ойынды қосалқы құрамда бастап, 62-минутта алаңға шықты. 41 жастағы футболшы кәсіби мансабындағы 977-ші голын соқты.

Бұған дейін «Әл-Наср» Роналдусыз екі матч өткізген — біреуі чемпионатта, біреуі Сауд Арабиясы Кубогында. Екеуі де ірі жеңіспен аяқталған.

Қазіргі чемпиондар алты ұпаймен турнир кестесін бастап тұр. «Әл-Рияд» екі жеңілістен кейін соңғы, 18-орында тұр.