Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Ресейдің Қаржы мониторингі қызметінің (Росфинмониторинг) террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
РИА Новости дерегінше, Росфинмониторинг Дуровты тиісті тізілімге енгізген. Тізімде: «Дуров Павел Валерьевич, 10.10.1984 ж.т., Ленинград қаласы» деп көрсетілген.
Тізілімге енгізілген адамдар мен ұйымдарға БАҚ-пен байланысуға, желіде ақпарат таратуға, жария іс-шаралар ұйымдастыруға, сайлауға қатысуға және салық, жалақы мен келтірілген зиянды өтеуден басқа қаржылық қызметтерді пайдалануға тыйым салынады.
Кеше Дуровқа терроризмге жәрдемдесу бабы бойынша айып тағылды. Осыдан кейін Telegram-ның ресми аккаунтында X әлеуметтік желісінде Дуровтың мұрағаттық суреті жарияланды, онда ол тамақ ішіп отырған үстел басында камераға ортаңғы саусағын көрсетіп тұр. Суретте қолтаңба жоқ, бірақ жарияланым көптеген пікірлер жинады.
Еске сала кетейік, Ресейдің ФҚҚ (ФСБ) Telegram әкімшілігін Украина арнайы қызметтері Ресейде терактілер мен жаппай кісі өлтірулерге дайындық үшін белсенді пайдаланатын арналар, чаттар мен боттарды жоймады деп айыптады.


