Қостанай облысында Рудный қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарылды. Ол биылғы ақпан айында сот орындаушысына пышақпен шабуыл жасаған. Оқиға әйел жұмыстан қайтып келе жатқанда болған. Алимент төлеуден қасақана жалтарған ер адам оның мойны мен бетіне төрт рет пышақ сұққан, алайда әйел қарсылық көрсетіп, көмекке үндеп үлгерген. Алқабилер соты ер адамды сот орындаушысының өміріне қастандық жасады деп кінәлі деп танып, оны 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды infohub.kz.

Еске салайық, биылғы ақпанда Рудный қаласының сот орындаушысы Жансұлу Хамзина өз көлігінде алимент бойынша қарыздар азаматтың шабуылына ұшырағанын мәлімдеген болатын. Сол кезде күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалған еді. Бүгін Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі үкім шығарылғанын хабарлады.

Сот тергеуі барысында анықталғандай, айыпталушы К. 2012 жылдан бастап кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден қасақана жалтарып, нәтижесінде атқарушылық іс жүргізу бойынша 9 миллион теңгеден астам қарыз жинаған. Сот орындаушысы Хамзина сот шешімін мәжбүрлеп орындау үшін заңда көзделген барлық шараларды қолданған.

2026 жылдың ақпан айында К. сот орындаушысының қызметіне кедергі келтіргісі келіп, оның жұмыстан шығуын әдейі күтіп тұрған. Содан кейін ол әйелді өлтіру мақсатымен оның көлігінің ішінде шабуыл жасап, мойны мен бетіне әдейі төрт рет пышақ сұққан. Қылмыстық әрекеттер салдарынан пышақтың жүзі сынып қалған, ал жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, көліктен жүгіріп шығып, көмекке айғайлаған.

Шабуыл жасаушы оқиға орнынан асығыс қашып кетіп, ізін жасыруға тырысқан. Хамзинаның беті мен сол жақ білегіне пышақ жарақаттары түскен.

Алқабилер айыпталушыны кінәлі деп танып, оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтелетін 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.