Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонтодағы беделді турнирдің финалындағы жеңілісіне түсініктеме берді, деп хабарлайды infohub.kz.

Еске салайық, Қазақстанның бірінші ракеткасы әйелдер жеке сынында Торонтодағы WTA 1000 хард турнирінде титулға бір қадам жетпей қалды. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған спортшы финалда әлемнің сегізінші ракеткасы поляк Ига Швентекпен кездесті. Матч екі сетке ғана созылып, Рыбакина 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Теннисшілер кортта 1 сағат 15 минут өткізді.

Финалдан кейін Елена Швентек пен өз командасына алғыс білдірді.

«Рақмет, жігіттер. Сөз табу қиын. Бүгін күш жетпеді. Бар күшімді салдым, бірақ бұл жеткіліксіз болды. Әрине, Иганы және оның командасын тамаша турнирімен құттықтаймын. Әрине, сіздерге керемет атмосфера үшін үлкен рақмет. Турнир тамаша өтті. Жақын арада осында қайта ораламын деп үміттенемін», — деді Рыбакина матчтан кейінгі сұхбатында.

Айта кетейік, Швентек пен Рыбакина арасындағы жеке кездесулердегі есеп поляк теннисшісінің пайдасына 7-6 болды.