26–27 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында танымал қазақстандық әнші Sadraddinнің жеке концерттері өтеді. Алғашында бір ғана кеш жоспарланған, алайда билеттер лезде сатылып кеткендіктен, ұйымдастырушылар екінші күнді жедел қосты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Концерттер 19:00-де басталады. Жанкүйерлерді тірі дауыс, сүйікті хиттердің жаңа аранжировкалары және көз тартар визуалдық спецэффектілер күтіп тұр. Садраддинмен бірге сахнаға танымал әртістер Bakr, Andro, «Ирина Кайратовна» тобы, Ayau, сондай-ақ Швециядан келген Maher Zain шығады.

Екінші күнгі концертке билеттер әлі де сатылымда. Бағасы 6 мың теңгеден басталады. Gold және Silver фан-аймақтарына кіру 16 жасқа толғандарға ғана рұқсат етілгені атап өтілді.

Алып шоуға дайындық үстінде Садраддин Каспийдегі оқу-жаттығу жиындары кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге қатысты шынайы ынтымақ пен терең қайғы білдірді.

Әртіс қаза тапқан сарбаздардың туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтып, бұл — әркімнің жүрегінде ауыр қалған орны толмас қаза деп атап өтті. Осы қиын сәтте әнші әскери қызметшілердің отбасыларына қолдан келгенше қаржылай қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры «Мұра» атты жаңа open-air гала-концертін өткізетінін жазған болатын. Жылдағы екінші концерт 29 қыркүйекте сағат 19:00-де театр алдындағы алаңда, Қабанбай батыр көшесі, 110 мекенжайында өтеді.