
- 27 нау. 2025 15:44
- 103
Сәтбаевта 54 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
Сәтбаев қаласының полициясы жол қозғалысы ережелерін 54 рет бұзған 26 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол Mercedes-Benz маркалы көлігімен жүйткіп, бірнеше рет жылдамдықты асырған.
Құқық бұзушыны полиция «Қорғау» бағдарламасы арқылы тапты. Бұл жүйе ереже бұзған көліктерді автоматты түрде анықтап, полицейлердің қызметтік планшетіне хабарлама жіберіп отырады. Тексеру барысында жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет елемегені және жылдамдықты шектен тыс асырғаны белгілі болды.
Айыппұл сомасы – 2 миллион теңге
Ереже бұзушылықтардың салдарынан жүргізушіге жалпы сомасы 2 миллион теңге айыппұл салынды. Қазіргі уақытта көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Полицейлер тұрғындарды жол ережесін сақтауға және қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға шақырады.