Семейде сот бұрынғы әйелін ағаш битамен өлтірген ер адамға үкім шығарды. Айыпталушы кісі өлтіруде кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қайғылы оқиға сәуір айында болды. Мас күйіндегі ер адам қызғаныштан бұрынғы әйеліне балаларымен тұратын үйінің ауласында шабуыл жасады. Ол әйелге битамен 27 рет соққы жасап, ол сол жерде қайтыс болды.

Сотта қайтыс болған әйелдің туыстары ер адамның жылдар бойы оны қорлап, ажырасқаннан кейін де қызғанып, жанжал шығарып келгенін айтты. Анасыз екі кәмелетке толмаған бала қалды.

Сот процесінде 51 жастағы айыпталушы кінәсін толық мойындап, істегеніне өкінетінін білдірді. Бастан бостандығынан айырудан басқа, сот оны қайтыс болған әйелдің ағасына моральдық зиянды өтеу ретінде 10 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

Қайтыс болған әйелдің туысы Жанна Нұрғазинова үкімге қанағаттанғанын білдірді: «Мен соттың бұл шешіміне толық қосыламын, өйткені біз дәл осындай жазаны күткен едік. Балаларға келсек, сотта бізге қажетті құжаттарды тезірек жинау керектігін айтты. Енді қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен жұмыс істейміз».