Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,
Ақбұлақ орта мектебінің педагог - психологы
Темкенева Толқын Алпыспаевна
Тренинг «Сенімділік күш береді»
- Сәлеметсіздерме балалар! Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция басталмас бұрын бір - бірімізбен жақынырақ танысып алайық. Мен осы мектептің психологы Толқын Алпыспайқызымын.
1. Қане, бәріміз шеңбер бойына тұра қалайық та, атымызды атап шығайық. Екінші тұрған адам өз есіміне жаңа естіген есімді қосып айтады. Солай жалғаса береді. Жаңылыспай, барлық есімдерді қайталап шығу керек.
2. Өз есімдеріне өзін жақынырақ таныстыратындай үш сын есім айтуларың керек.
3. Балалар, жолдан шаршап келдіңдер. Енді, «конференция қалай өтер екен» деп, «баяндамам қалай шығар» деп қобалжып тұрғандарыңды түсінемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ой ауырлықтарын көтеретініміз рас. Мен сіздерге бойымыздағы жағымсыз сезімдерден, сенімсіздіктен, қорқыныштан арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін.
• «Сілкіп таста» жаттығуы
Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер. Осы сәтте өзіңізді жағымсыз сезімдерден арылғандай сезініңіздер.
Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз да болады, беттеріңізді сілкіңіздер.
Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:
• Мен ақылдымын.
• Менің жаным тыныш
• Мен қиындықтан қорықпаймын.
• Мен жаспын, қандай әдемімін.
• Менің қолымнан бәрі келеді.
• Маған сенімділік күш береді.
• Мен конференцияға дайынмын.
Ал, енді, «сағат бойынша достар» ойынын ойналық. Мына парақшаларға сағат тілі бойынша осы жерден он екі адамның атын жазыңыздар. 1адамның қолын қысыңыз.
2. Арқасынан қағыңыз
3. Күлімсіреңіз
4. Қол бұлғаңыз
5. Көзіңізді қысыңыз
6. Комплимент айтыңыз
7. Бір тілек айтыңыз
8. Қол ұстасып 3 рет секіріңіз. Көңіл күйлеріңіз көтеріліп, өздеріңізді тамаша сезінесіздер.
Бейнесюжет көрсету. Бір - біріне ізгі тілек айтқызу арқылы қимай қоштасу.
Сенімділік күш береді
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз488 қаралым
#тренинг#психологиядан тренинг
Ұсынылады
Алматыдағы психиатриялық жедел жәрдем: дәрігердің ауыр психоздар туралы әңгімесі
Алматыдағы психиатриялық жедел жәрдем бригадасының дәрігері Нуритдин Абдуллаевпен сұхбат. Мақалада мамандықтың қиындықтары, қызықты жағдайлар және психикалық аурулар туралы мифтер қамтылған.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 26 ақпан
Түпсана – үміттің тамыры, болашаққа сенімнің бастауы
Адам жаны – терең мұхит іспетті. Оның бетінде сана тұрса, тереңінде түпсана жатады. Түпсана – біздің ойымызға, әрекетімізге, тіпті тағдырымызға әсер ететін көзге көрінбейтін күш. Бұл бейсаналық қаб...
Бердалы Ораз Ғабитұлы·2025 ж. 14 сәуір
Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас
Тақырып: Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

