Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Серік Жұманғарин үкіметте өткен брифингте кабинет пен Ұлттық банктің экономикалық өсім болжамдары неге сонша айырмашылықта екенін түсіндірді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Журналистер үкімет экономикалық өсімді 5,3% деңгейінде болжап отырғанын, ал Ұлттық банктің болжамы әлдеқайда қарапайым – небәрі 3,5% екенін байқады. БАҚ өкілдері осыншама үлкен айырмашылықтың себебін түсіндіруді сұрады.

Серік Жұманғарин болжам әрдайым жылжымалы сипатта болатынын және ол сыртқы әрі ішкі факторларға тәуелді екенін атап өтті.

«Үкімет отырысында мен үш факторды айттым – алдын ала болжау мүмкін болмаған ішкі факторлар. Бұл – жыл басындағы Теңіздегі апат. Кейін КТК-мен проблемалар. Біз шамамен 6 млн тонна мұнай өндірмедік. Ол жерде жатыр, бірақ экономикадағы процеске қатыспайды. Парсы шығанағындағы сыртқы ортада болған жағдай мұнай бағасының өсуіне әкелді. Ал бұл теңге бағамының қатты нығаюына әкеп соқты. Біз импортқа ҚҚС-тан қағылдық. Тиісінше, экспорттаушылар теңгенің нығаюынан түсімдерінен қағылды. Осының бәрін әр жолы түзету қажет. Ол үшін түрлі механизмдер бар», – деді ол.

Ол мысал ретінде мұнай бағасына қатысты болжамдарды келтірді.

«Әлемдік банктердің консенсус-болжамы деген бар. Кейбір банктер мұнай бағасын 85 долларға жуық десе, кейбіреулері келесі жылға 54 доллар деп отыр. АҚШ Энергетика министрлігі 64 доллар деп беріп отыр. Тиісінше, келесі жылға консенсус-болжам – 70 доллар. Ал біз басқарақ бағаны ескерген едік. Бағамды біз жасаған сценарийге қарай ескереміз. Болжам деген осы. Ал министрліктің және үкіметтің міндеті – осы болжамға барынша дәл түсу», – деп атап өтті ҰЭМ басшысы.

Оның айтуынша, банктер, соның ішінде Ұлттық банк және халықаралық қаржы институттары әрдайым консервативті болжам береді.

«Бұл көптеген факторға байланысты. Консервативті болжам оны беретін адам үшін әрдайым жақсы. Өйткені жыл ішінде бұл болжамды қайта қарауға болады, ал үлкен жаққа қателесуге болмайды. Консервативті болжам беру кәсібирек, түсінесіз бе? Шын мәнінде, біз жасаған болжамдар үшін біз жауаптымыз», – деп сендірді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін біз Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің елде жүргізілген салық реформасына баға бергенін жазғанбыз. Сондай-ақ Жұманғарин Салық кодексіндегі баптарды қайта қарау туралы да пікір білдірген.