ШҚО, Ұлан ауданы, Айыртау ауылы,
«Гагарин атындағы орта мектеп» КММ
биология пәні мұғалімі Шкибаева Майра Кабеновна
Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелерін қорытындылау сабағы
Мақсаты: сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметін оқып үйрену, оқушылардың білімін өлең – сөз арқылы еркін жеткізуге баулу, қорытындылау.
Сабақтың түрі: жұмбақ айтыс
Көрнекіліктер: сезім мүшелерінің суреттері, сызбалар, «дәрігерлік кеңес» сызба кесте.
Сабақ барысы:
1. Сынып оқушыларын топтарға бөлу;
2. Ойын топшалары;
3. Қазылар алқасы;
4. Көрермен – қолдаушылар;
Үйге берілген тапсырма: тақырыпқа байланысты өлең, мақал – мәтел, жұмбақтар дайындау.
1. Оқушылар «Көз», «Құлақ», «Мұрын», «Тіл», «Қол», «Жүйке» топтарына бөлінеді.
2. Мұғалім: (әділқазылар алқасына)
Кім тез тапқыш,
Кім жүйрік?
Кім сөз өргіш,
Кім сүйрік?
Анықтағын дәлірек,
Құрдасыңның талабын.
Кім әлсіздеу, әлдірек,
Әділдікпен қарағын.
Ойыншыларға:
– Сұрақ қойдым бәріңе,
– Үлкен, кіші, кәріңе.
– Кімдер бұрын оянар,
– Ала – кеуім сәріде?
– Қане, айтшы,
– Кімнің қандай пайдасы бар?
– Тіршілікке адамның
– Алуан түрлі айласы бар.
1 – оқушы: «Көз»
«Ерте тұрған кісінің бір ісі артық» –
деген екен, бабалар тауып айтып.
Іштеріңде ең сергек мен емес пе?!
Оятамын бәріңді түстен тартып.
2 – оқушы:
– Ерте тұрсаң, ұланым,
Күн шығады алдыңнан.
Кешке қалсаң, ұланым
Түн шығады алдыңнан.
Шұғыласын сол күннің
Осы көзбен көрерсің
Жаман, жақсының бәрін,
Осы көзбен сезесің.
Толық нұсқасын жүктеу
Сезім мүшелерін қорытындылау сабағы
ШҚО, Ұлан ауданы, Айыртау ауылы,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз736 қаралым
#биологиядан ашық сабақ#сезім мүшелері#сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Ұсынылады
Ғалымдар ергежейлі кашалоттардан үш белгісіз бактерия генотипін ашты
Флорида Атлантика университетінің ғалымдары ергежейлі кашалоттардан үш жаңа бактерия генотипін тапты, олар ойық жара мен гастритке себеп болуы мүмкін.
Алаш Ордабай·2026 ж. 22 шілде
Сайгак популяциясы рекордтық деңгейге жетті: биолог басты қауіптерді атады
Қазақстанда киік саны миллиондап өсіп, бірақ бұл жағдай жаңа қауіптер тудыруы мүмкін. Биолог Қажым Жұмалиев бұл мәселенің себептері мен салдары туралы айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 8 маусым
Маңғыстаудағы Үстірт қорығында Алтынқыз есімді барыс қайта көрінді
Сирек кездесетін барыс Алтынқыз биыл наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түсіп, зерттеушілерді қуантты. Ол 450 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өткен.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 7 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

