17 тамыз кешке Шымкентте жасөспірім пышақ жарақатын алған оқиға болды. Қалалық дендросаябаққа кіре берістегі фудтрак маңында жанжал шыққан, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Qumash.kz басылымының мәліметінше, әлеуметтік желілерде оқиға орнынан фотосуреттер пайда болған. Жарияланым авторы жанжалға қатысушылар фудтрактың кәмелетке толмаған қызметкерлері болғанын айтады. Хабарламада: «Кешке Шымкенттегі дендросаябаққа барып, осындай көріністі көрдік. Кіре берістегі кассаның қасында фудтрак қызметкерлері бір-бірін пышақпен аяғынан жаралады. Бұл не деген заңсыздық, ата-аналары мен басшылығы қайда қарап отыр?» делінген.

Шымкент полиция департаменті оқиға фактісін растап, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Ведомство: «Дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылар анықталды. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде жанжалдың себептері анықталуда», — деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, полиция кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырып жатыр.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында мас күйіндегі ер адам медициналық куәландыруға апару кезінде учаскелік инспекторға пышақпен шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Полицей қойылған жарақат алғанымен, күдіктіні қарусыздандырып, көлікті тоқтата алған. Факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды.