Сынып жетекшілерге арналған психологиялық тренинг.
Мақсаты: адамды өз - өзімен және өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, жеке қызығушылықтары мен құндылықтарын ұғындыру.
Керекті құралдар: грек жаңғағы, қағаз, қалам, көз таңғыштар.
«Грек жаңғағы» жаттығуы.
Жаттығуды өткізу үшін маған 14 жаңғақ керек болады. Жаңғақты ортаға шашып, әрбір қатысушыға бір - бірден алуды ұсынамын. Қатысушыларға қолдарындағы жаңғаққа мұқият қарап, оның құрылысын, жекелеген ерекшеліктерін есте сақтап қалу керектігін айтамын. Бұдан кейін жаңғақтарды жинап алып дорбаға саламын, араластырып ортаға қайтадан шашамын. Әрбір қатысушының міндетті – өз жаңғағын табу. Әр жаңғақ өз иесін тапқан соң талдауға көшеміз. Кім қалай өз жаңғағын есте сақтады, қандай жолмен оны тапты? Белгілі бір ерекшеліктеріне қарай тапты ма немесе бәрі алып болғанша күтті ме?
Бірінші көзге жаңғақтың бәрі бірдей сияқты болғанымен біраз уақыт жіберіп, мұқият қараса олардың әртүрлі, бірін екіншісімен шатастыруға болмайтынын көруге болады. Адамдар да сол сияқты: әртүрлі, есте қалатындай әркімнің өзіндік жеке ерекшелігі, өзіндік әдемілігі және тартымдылығы болады. Бірақ оны сезіне және түсіне білу қажет. Жаттығу соңында жаңғақты қатысушыларға сыйлаймыз.
«Аңдар мен жәндіктер»
Сынып жетекшілерге қағаз бен қалам таратылады. Әр қатарға өздеріңе ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазасыңдар. Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында үзілісте өзі жазған сөздерді рет - ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.
Қорытынды:
1. Мені жұрт... деп ойлайды.
2. Мені... деп ойласа екен деп ойлаймын.
3. Дәл өзіңіз...
4. Сіз жұмыста...
5. Жарыңыздың алдында...
6. Негізі...
«Ым - ишара» тренингі
Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез - келген жағдайдан шыға білу.
Нұсқау: Бұл ойынға өз еркімен қатысатын 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады.
Ойынның мәні: үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі сақау, таңғышпен аузын байлаймыз. Бірі соқыр таңғышпен көзін байлаймыз. Енді бірі саңырау таңғышпен құлағын байлаймыз. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек.
Қыран түлегіне қайрылмас қанат сыйлайды,
Ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды - демекші қадірлі әріптестер шәкірттеріміз білім әлемінде биіктерден көрініп, еңбектерің жана берсін деп бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық тренинг
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық тренинг.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз575 қаралым
#психологиялық тренинг#сынып жетекшілерге арналған
Ұсынылады
Алматыдағы психиатриялық жедел жәрдем: дәрігердің ауыр психоздар туралы әңгімесі
Алматыдағы психиатриялық жедел жәрдем бригадасының дәрігері Нуритдин Абдуллаевпен сұхбат. Мақалада мамандықтың қиындықтары, қызықты жағдайлар және психикалық аурулар туралы мифтер қамтылған.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 26 ақпан
Түпсана – үміттің тамыры, болашаққа сенімнің бастауы
Адам жаны – терең мұхит іспетті. Оның бетінде сана тұрса, тереңінде түпсана жатады. Түпсана – біздің ойымызға, әрекетімізге, тіпті тағдырымызға әсер ететін көзге көрінбейтін күш. Бұл бейсаналық қаб...
Бердалы Ораз Ғабитұлы·2025 ж. 14 сәуір
Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас
Тақырып: Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

