Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі тамыздағы ҰБТ-2026 қорытындысын шығарды. Тестілеуге 27 мыңнан астам талапкер қатысты, оның 53 пайызы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа нәтиже 55 балл, ал максималды көрсеткіш – 136 болды. Сондай-ақ тестілеуге ерекше білім беру қажеттіліктері бар 98 талапкер қатысты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Тамыздағы ҰБТ кезінде ереженің 66 бұзушылығы тіркелді. Оның 30-ы смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды өткізуге тырысқаны үшін тестілеуге жіберілмеді. Тағы 36 адам емтихан кезінде тікелей бұзушылық жасағаны үшін аудиториядан шығарылды. Министрлікте бөгде адамдардың қатысу фактілері анықталмағанын атап өтті.
Ведомство тексеру мұнымен аяқталмайтынын еске салды. ҰБТ аяқталғаннан кейін тестілеу бейнежазбалары 31 қазанға дейін талданады. Мамандар тыйым салынған заттарды пайдалануды немесе басқа да бұзушылықтарды анықтаса, тестілеу нәтижелері жойылады.
Колледж түлектері өз мамандығы бойынша ақылы негізде жоғары оқу орнында оқуды жалғастырғысы келсе, әңгімелесу нәтижелері бойынша түсе алады. Бұл жағдайда құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қабылдайды.
Алдыңғы күні үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда үздіктер неліктен грантсыз қалатынын түсіндірді.


