Жеңілісі жоқ қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегінің күні белгілі болғанын хабарлайды infohub.kz сайты.
Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық 26 қыркүйекте австралиялық Джексон Инглендпен кездеседі. Жекпе-жек Австралияның Квинсленд қаласында өтеді.
Бұл жекпе-жекте IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер мәртебесі сарапқа салынады. Жеңімпаз қазір мексикалық Эмануэль Наваррете иеленіп отырған белбеу үшін күресуге құқық алады.
Заурбек бұл жекпе-жекке мінсіз рекордпен келіп отыр: 20 жекпе-жекте 20 жеңіс, оның 13-і мерзімінен бұрын аяқталған. Инглендтің 19 жеңісі (10 нокаут) және үш жеңілісі бар.
Бастапқыда кездесу 27 маусымға жоспарланған еді, кейін 17 шілдеге ауыстырылды, бірақ қайта кейінге шегерілді.
Заурбек соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың сәуірінде Астанада өткізіп, оңтүстікафрикалық Азинга Фузилені бірауыздан шешіммен жеңген болатын.


