Сымсыз зарядтау тиімділік жағынан сымды зарядтаудан кем түседі әрі смартфонды қыздырып, аккумулятордың тозуын жеделдетеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Engadget порталының дерегінше, Qi2 стандартындағы құрылғылар кабельмен салыстырғанда энергияның 30%-ға дейінін жоғалтады. Бөлінетін жылу литий батареясының сыйымдылығын екі жылда 12%-ға, ал ыстық ауа райында 25%-ға дейін төмендетуі мүмкін.
Кабель токты тікелей жеткізетіндіктен, құрылғы азырақ қызады және әлдеқайда жылдам зарядталады. Мысалы, жаңа смартфон сым арқылы қуаттың жартысын 15 минутта толықтыра алады, ал Qi2 арқылы бұған жарты сағат кетеді.
Мамандар сымсыз станцияларды дұрыс пайдаланбаған жағдайда қауіпті екенін атап өтеді. Смартфонды алаңға дәл қоймау магниттік байланысты әлсіретіп, одан да көп жылу бөлінуіне әкеледі. Сымсыз зарядтауға арналмаған қаптар да кері әсер етеді: олар жылуды корпустың ішінде ұстап, қуат элементін қосымша қыздырады.
Аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін сарапшылар екі әдісті де қатар қолдануға кеңес береді. Күндіз жылдам қуаттау үшін сымсыз станцияны пайдалану қолайлы, ал түнде кабельді қосу керек. Сондай-ақ заряд деңгейін 20–80% аралығында ұстау және смартфон параметрлерінде батареяны қорғау функцияларын қосу ұсынылады.


