Сабақтың тақырыбы: Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: оқушыларға тамырдың өсімдіктің вигативті мүшесі екендігі, тамырдың дамуы, тамыр жүйелерінің типтері олардың құрлысының ерекшеліктері тамыр қызметі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өсімдік шаруашылығы үшін тамыр жүйелерін дамыту туралы білімнің маңызын ашу;
Тәрбиелік: Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Оқыту әдісі: индуктивті, дедуктивті, иллюстративтік
Пәнаралық байланыс:
сурет, органикалық химия
Сабақтың көрнекілігі: бағалау парағы, бейне слайдтар, кеппешөптер,
Сабақтың жоспары
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа білімін беру
4. Зертханалық жұмыс
5. Бекіту.
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру
Сәлемдесу,
қатысым тексеру,
дайындықтарын бақылау,
Жаңа сабақ:
Бүгін біз тамыр туралы айтамыз ?.
1.Тамыр қандай мүше болып табылады.
2Тамырдың негізгі қызметі қандай?
3Тамырлы өсімдіктерді жұлып көрдіңдер ме?
Тамыр - Өсімдіктің жер асты мүшесі.
Қызметі:
1.Тамыр арқылы топырақтан сіңірілген суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді.
2. Өсімдік топыраққа берік орнығады
3.Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды.
4.Көбеюге қатысады.
Тамыр қызметі - тірек, қорек
тамыр жүйесі –негізгі, жанама,қосалқы
Тамырдың құрылысы
Тамыр жүйесі - деп өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.
Тамыр типтері – кіндік, шашақ
Қос және дара жарнақты өсімдіктердің тамырларын салыстырыңыз
Зертханалық жұмыс №5
Әртүрлі өсімдіктердің тамыр жүйелерінің құрылысын қарастырып көрейік.
1. Кішкентай банкадағы әртүрлі арамшөптердің тамыр жүйелерін анықтайық.
2.Кіндік тамыр жүйесі айқын білінетін кіндік және жанама тамыр түріндегі негізгі тамырдан тұрады.
3.Шашақ тамыр жүйесі қосалқы тамырлардан тұрады. Қосалқы тамырлардың арасынан негізгі тамыр білінбейді.
4.Жапырақтар мен сабақтардан әрқашан қосалқы тамыр өсіп шығады.
Біз бүгін не білдік?
1. Тамыр өсімдіктің вегетативті мүшесі
2. Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді
3. Өсімдік тамыр арқылы су мен минералды түзді заттарды алады.
4. Кішкентай ұрық тамыршасы өсіп, біртіндеп ұзарады және жуандайды.
Оқушыларды бағалау:
Қортындылау.
Үйге тапсырма беру:
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Сабақтың тақырыбы: Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 4 наурыз985 қаралым
#биология#тамыр түрлері#тамыр жүйелері
Ұсынылады
Сайгак популяциясы рекордтық деңгейге жетті: биолог басты қауіптерді атады
Қазақстанда киік саны миллиондап өсіп, бірақ бұл жағдай жаңа қауіптер тудыруы мүмкін. Биолог Қажым Жұмалиев бұл мәселенің себептері мен салдары туралы айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 8 маусым
Маңғыстаудағы Үстірт қорығында Алтынқыз есімді барыс қайта көрінді
Сирек кездесетін барыс Алтынқыз биыл наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түсіп, зерттеушілерді қуантты. Ол 450 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өткен.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 7 маусым
Кофе ішектерге қалай әсер етеді: ғалымдардың жаңартылған зерттеуі
Ирландиялық ғалымдар кофе ішудің адам ағзасына, әсіресе ішек микрофлорасына әсерін зерттеді. Нәтижелер қызықты болды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 6 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

