Қытайдың Шанхай қаласында Dota 2 бойынша ең ірі турнир — The International мәресіне жетті. Тарихи титулды үшінші рет Team Spirit командасы жеңіп алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Сербияда орналасқан ресейлік-украиндік ұжым гранд-финалға төменгі тор арқылы жолдама алды. Шешуші кездесуде Team Spirit 3:2 есебімен TEAM VISION командасын тізе бүктірді. Бұл команда құрамында да Ресей мен Украинаның киберспортшылары бар.
Бұл — команданың The International тарихындағы үшінші титулы, турнирдің жаңа рекорды болды. Бұған дейін OG және Team Liquid екі-екі рет жеңіске жеткен еді.
Чемпион ретінде Team Spirit жалпы жүлде қорының 42,5 пайызын алады, ол 3,3 миллион доллардан асты. TEAM VISION күміс жүлдегер ретінде осы соманың 13 пайызын иеленді.
The International-да үшінші орынды Team Yandex командасы иеленді. Бұл команда сапында қазақстандықтар Әлімжан "Watson" Исламбеков пен Арман "Malady" Оразбаев, екі ресейлік және бір македониялық ойыншы бар. Команда жоғарғы және төменгі тордың финалына дейін жетіп, сәйкесінше TEAM VISION және Team Spirit командаларынан ұтылды. Қорытынды нәтиже Team Yandex-ке жалпы жүлде қорының 9 пайызын әкеледі.


