Қазақстан қор биржасындағы 29 қыркүйектегі валюталық сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1,83 теңгеге төмендеп, 439,37 теңгені құрады. Осылайша ол 440 теңге деңгейінен төмен түсті — бұл көрсеткіш соңғы рет 2024 жылдың мамырында тіркелген болатын. Еуро сауда күні ішінде 2,26 теңгеге арзандап, 499,08 теңгеге жетті, яғни 500 теңге шегінен де өтті. Мұндай деңгей 2024 жылдың маусымында байқалған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Елдегі ірі қалалардағы айырбастау пункттері баға белгілерін жаңартты. Kurs.kz порталының 15:30-дағы деректеріне сәйкес, Астанада қолма-қол долларды сатып алу 435 теңге, сату — 442 теңге. Алматыда сатып алу — 434-тен 439 теңгеге дейін, сату — 439,9-дан 442 теңгеге дейін. Шымкентте сатып алу — 438,5-тен 439 теңгеге дейін, сату — 440,5-тен 441,5 теңгеге дейін.

Қолма-қол еуро үшін айырбастау пункттері мынадай бағамдарды ұсынды: Астанада сатып алу — 495 теңге, сату — 505 теңге; Алматыда сатып алу — 493-тен 501 теңгеге дейін, сату — 501,8-ден 510 теңгеге дейін; Шымкентте сатып алу — 495-тен 499 теңгеге дейін, сату — 502-ден 505 теңгеге дейін.

Нақты бағалар, жеңілдіктер және тұрмыстық экономика туралы толығырақ «Цены от Екатерины Сохаревой» Telegram-арнасынан оқи аласыздар.