- 10 ақп. 2016 00:00
- 295
Теңіздегі ең үлкен өсімдік
Испанияның теңіздерді зерттеу университетінің океанологтары қызық жаңалық ашты. Теңіздің ең түбінен, Балеар аралдарының жанынан әлемдегі ең алып өсімдік табылған.
Оның жалпы ұзындығы сегіз шақырымды құрайды. Өсімдіктің сабақтары дәл осынша қашықтыққа созылып жатыр, оны «Теңіз посидониясы» деп атады. Ол Посидония тұқымының гүлді өсімдігін құрайды. Ол үш түрлі өз тұқымында жалғыз.
Әдетте, Посидониялар үлкен отарлармен бірігіп өседі және басқа теңіз өсімдіктерімен шалғынға айналады. Олар теңіз шығанақтарында немесе айлақтарда 30-50 метр тереңдікте орналасады.
Өсімдіктер толықтай су астында орналасқан. Олардың тамыр сабағы үлкен моноподиалды болып келеді, тік тұратын қысқа өркендері және жан-жаққа тараған тамырлары болады. Теңіз Посидониясының отарларында қашықта орналасқан бүтін вегетативтік табыр сабақтары болады. Ал тік тұратындары ортада орналасады, түйіндерінде тамыр құрып, өздері жаңа тамыршаларды жасайды.
-
Билл Харли 1880 жылы Милуокиде шаруалар отбасында дүниеге келген. Отбасы осыған дейін Англиядан АҚШ-қа көшіп келіпті. Билл 15 жасында велосипед жөндеумен айналысатын шағын шеберханаға көмекші шебер...