Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің география пәнінің мұғалімі
Джубанова Н
Жаратылыстану 5 сынып
Тақырыбы: § 22 Теңіздер мен көлдер
Мақсаты:
Білімділігі: Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктері туралы білім беру
Дамытушылығы: Ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелігі:Қоршаған ортаға құрметпен қарап, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру, баяндау, сергіту сәті
Көрнекілігі:карта тірек сызбалар, кескін карта
Пәнаралық байланыс:тарих
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушымен амандасу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқушыларды төрт топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын сұрау
Географиялық торша ойыны
Тынық мұхиты: 1. Мұхиттың ең терең жері?
2. Экватор маңында судың беткі температурасы?
3. Ұзындығы қанша метрге жететін киттер кездеседі?
4. Акулалардың ұзындығы қанша?
5. Мұхиттың орташа тереңдігі?
Атлант мұхиты:
1. Ең терең жері қалай аталады?
2. Қанша метр тереңдікте жатыр?
3. Дүние жүзілік балақ аулаудың қанша пайызы тиесілі?
4. Балық аулау кәсібімен қанша мемлекет айналысады?
Үнді мұхиты:
1. Негізгі бөлігі қай жарты шарда орналасқан?
2. Ең терең жері?
3. Суының температурасы қанша?
4. Тұздылығы қанша?
5. Қызыл теңіздің тұздылығы қанша?
Солтүстік Мұзды мұхиты 1. Салыстырмалы түрде суы қандай болып келеді?
2. Ең терең жері?
3. Өзендерін ата?
4. Дүниежүзілік мұхит дегеніміз не?
III. Үй тапсырмасын бекіту
Электронды оқулықтағы кескін картамен жұмыс
IY. Жаңа сабақ
Теңіз дегеніміз материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі. Дүниежүзілік мұхиттардан бізге 30-дан артық теңіздің атауы белгілі. Олардың жалпы саны59-ға жетеді.
Құрлықтар мен аралдарға жақын және алыста орналасуына байланысты ішкі, шеткі және арал аралық деп үшке бөлінеді.
Шеткі теңіздер ішкі теңіздерге қарағанда мұхитпен емін-еркін байланысқан. Негізінен құрлық пен мұхиттың аралығында аралдар немесе түбектер арқылы жарым-жартылай бөлініп жатады. Олардың шекарасы шартты түрде алынады. Мысалға:Араб, Баренц, Охот, Кариб, Жапон теңіздер.
Шығанақтар - мұхит, теңіз суларының құрлыққа сүйірлене немесе тереңірек ішке қарай енген бөлігі.
Y. Жаңа сабақты бекіту
Семантикалық карта
№ Атауы---------------- Теңіздер------------------------ Көлдер
1. Байкал ------------------------------------------------------+
2. Каспий -------------------+
3. Балқаш ------------------------------------------------------+
4. Жерорта -----------------+
5. Жапон -------------------+
6. Зайсан --------------------------------------------------------+
7. Қызыл -------------------+
8. Бурабай ------------------------------------------------------+
9. Алакөл --------------------------------------------------------+
10. Охот ---------------------+
YI. Оқушыларды бағалау
YII. Үйге тапсырма беру
§ 22 Теңіздер мен көлдер. Кескін картамен жұмыс
Теңіздер мен көлдер
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 4 наурыз637 қаралым
#теңіз#география#жаратылыстану#көлдер
Ұсынылады
Алматының "төменгі жағы": Көбірек қорқатын ауданның тыныс-тіршілігі
Алматының "төменгі бөлігі" туралы қалыптасқан пікірлер мен шындық арасындағы алшақтықты зерттеген журналистік материал.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 11 маусым
Астана: Екі жағаның айырмашылығы неде? Артықшылықтары мен кемшіліктері
Елорданың сол және оң жағалаулары арасындағы айырмашылықтарды, олардың ерекшеліктерін және тұрғындар үшін маңыздылығын зерттейміз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 2 маусым
Әлемдегі ең ірі қалалардың бірі ғарыштан көрінетіндей жылдамдықпен батып барады
Мексика астанасы Мехико жер асты суын шамадан тыс пайдалану салдарынан жылдам шөгіп барады. Бұл жағдай ғарыштан да көрінеді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 6 мамыр
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

