Apple корпорациясы 1 қыркүйекте бас директор қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы болған Тим Кукке 47 миллион доллар көлемінде сыйақы пакетін бекітті. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Financial Times дерегінше, сыйақы пакеті жалақы мен акциялар түрінде қалыптасқан. Куктың жаңа қызметтегі жылдық жалақысы 2 миллион долларды құраса, акциялар бойынша төлемдер 45 миллион долларды құрайды. Алайда бұл оның әлі бас директор қызметін атқарған 2025 жылғы жалақысы мен акциялық сыйақысынан 20 пайызға аз.

Директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы лауазымы арнайы Кук үшін құрылғаны атап өтіледі. Бұған дейін оның бас директор орнына Джон Тернус келетіні хабарланған болатын.