Астанада Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимараты ашылды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Дипломатиялық өкілдік Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан. Мемлекет басшылары салтанатты лентаны бірге қиды, содан кейін президенттік оркестр Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Президенттерге Тәжікстан елшілігі ғимараттар кешені туралы бейнеролик көрсетілді, кейін олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.
Сонымен қатар екі елдің көшбасшылары елшілік аумағына жасыл желек отырғызды.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның екі ел арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға беріп, тәжік көшбасшысына табыс еткен жаңа награданың маңызы туралы айтқан еді.
Бұған дейін Тоқаев пен Рахмон келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдағаны хабарланған. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға Qoja Ahmet Yasaui орденін табыс етті.
Біз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның екі ел қатынастарын нығайту, тауар айналымының өсуі және жаңа бірлескен жобаларды талқылағанын жазғанбыз.
Айта кетейік, Ақордада ресми сапармен Астанаға келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.


