Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапарын аяқтады — қымбатты қонақты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шығарып салды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ақордада мәлім еткендей, Тәжікстан президенті ресми сапарын аяқтап, Қазақстаннан аттанды. Қымбатты қонақты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шығарып салды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Астанада Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашқаны хабарланған болатын.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның екі ел арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға беріп, тәжік көшбасшысына табыс еткен жаңа награданың маңызы туралы айтқан еді.
Тоқаев пен Рахмон келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдағаны атап өтілді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға «Қожа Ахмет Ясауи» орденін тапсырды.
Бұған дейін біз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның екі ел қатынастарын нығайту, тауар айналымының өсуі және жаңа бірлескен жобаларды талқылағанын жазған болатынбыз.
Айта кетейік, бүгін таңертең Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.


