Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы XXII өңіраралық ынтымақтастық форумында республиканың Ресей-Украина қақтығысын реттеуге делдал болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Қазақстан — бөтен ел емес, алайда барлық ұсыныстар мен шақыруларға қарамастан, мен делдал болудан үзілді-кесілді бас тартамын, себебі Ресей – ұлы мемлекет, орыс халқы – ұлы халық екенін білемін. Әрі, айтқандай, делдалсыз-ақ күн тәртібіндегі мәселелердің бәрін өзі шешеді. Бірақ өз пікірімді дәл бүгін айтуға бел будым, өйткені адамдар менің Омбыға баратынымды, кездесудің болатынын біледі. Ешкім жағдайдан қалай шығуға болатынын білмейді, себебі тараптардың ұстанымдары бар. Екінші жағынан, бұл істі мұздатып қою мүмкіндігі бар. Бұл халықаралық тәжірибеде сыналған әдіс. Әрине, жас адамдардың қаза болуы өкінішті. Олар – бауырлас Ресей мен Украина халықтарының генофонды. Осының бәрін тоқтату керек, өйткені болып жатқан оқиға, менің көзқарасымша, Ресейге де, Украина мемлекетіне де қарсыластардың пайдасына және қуанышына ғана қызмет етеді», — деп қосты Тоқаев.

Омбыға сапары барысында президент соғыс ардагерлеріне арналған Омбы госпиталі ғимаратының қасбетіндегі Кемел Тоқаевтың мемориалдық тақтасына гүл шоғын қойды. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев форум аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді.