Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тотықұс

Жануарлардың ішіндегі ең ақылды құс. Дене тұрқы 9,5 см – 1 м. Қауырсындары ашық қанық (жасыл, оның қызыл және көк түстермен үйлесімі, кейде қара немесе сұр) түсті болады. Мойны қысқа, басы үлкен, тұмсығы мықты, қатты жемісті жара алады. Ең кішкентай тоқылдақ тәрізді тотылардың дене тұрқы 8 см, ең үлкен нағыз тотылардың дене тұрқы 1 метр. Жалпы ұрғашыларына қарағанда еркек тотылар ірі болады. Адамдарға еліктеп сөйлей алады. Тотылар 1000-ға жуық сөздерді жаттай алады. Есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Адамнан естіген сөздердің мағынасын түсінбесе де қайталайды. Жалпы тропикалық аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейді. Ұяларымызды ағаш қуысына, жартастардың  жарықтарына салады. Тотытәрізділер қолға тез үйренеді, сондықтан оларды көп жағдайда экзотикалық құс ретінде үйде, торда ұстайды. 

Қызықты мәліметтер:

Ең көп таралған үй тоты құсы – бұйра тоты құс пен корелла.

Кеа — қойларға шабуыл жасайтын жыртқыш тотықұс.

Австралияда тотықұстарға арналған арнайы мектеп бар. Онда құстарды сөйлеуге үйретеді.

Тотықұстар арасындағы әлемдегі ең үлкен тұмсық иесі – қара какаду. Тұмсығының ұзындығы – 10 сантиметр. «Какаду» сөзі "какатуа" деген малай тілінен енген. "Какатуа"- "тістеуік" деген мағынаны білдіреді.

Америкада Бейби есімді тотықұс полиция қызметкеріне көмек көрсеткен. Белгілі бір бизнесменнің пәтеріне басып кіріп, тонап кеткен кезде оқиға орнында болған тотықұс полиция қызметкерлерінің көзінше ұрлықшы қылмыскерлердің бірінің есімін атап берген.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама