АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі бал залының құрылысын жалғастыруға Жоғарғы соттан рұқсат алды. Жұмыстарды екі жылда аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды infohub.kz.

РБК The Wall Street Journal-ге сілтеме жасап хабарлағандай, әкімшілік Ақ үйдің шығыс қанатын бұзғаннан кейін, тарихи мұраны сақтау қоры бал залының салынуына қарсы сотқа шағымданған. Алайда Жоғарғы сот оны қабылдамады.

Шешім судьялардың бес-төрт дауысымен қабылданды. Сот қордың құрылысқа қарсылық білдіруге негізі жоқ деп тауып, қазіргі уақытта оны тоқтату Трамп әкімшілігіне «орны толмас зиян» келтіретінін айтты.

Газеттің жазуынша, сот Конгрестің рұқсатынсыз құрылыстың заңдылығын қарастырмаған. Шағым топ мүшелерінің бірінің жоба оның «эстетикалық, мәдени және тарихи мүдделеріне» қайшы келетіні туралы мәлімдемесіне негізделген. Судьялар Жоғарғы сот тәжірибесіне сәйкес, «жай ғана реніш, келіспеушілік немесе жағымсыз қатынас» шағым үшін жеткіліксіз екенін атап өтті.

Америкалық көшбасшы бұл қуанышты жаңалықты өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде де бөлісті. Трамп құрылыстың мерзімін де белгіледі.

«2028 жылдың жазында құрылыс аяқталғаннан кейін, керемет бал залы мен әскери кешен бүкіл елдің мақтанышына айналады», — деді Ақ үй басшысы.

Еске салайық, 2025 жылдың қазанында Вашингтонда Ақ үйдің шығыс қанатын жаңғырту басталғаны белгілі болған. Трамптың айтуынша, мұнда үлкен бал залы салу жоспарлануда. Сондай-ақ жобаның құны да айтылған.

Кейін тарихи мұраны қорғаушылар бал залының салынуына тыйым салуды талап еткен. Бірақ сот бұл мәселеде президенттің жағына шықты.

Ал биылғы жылдың тамызында АҚШ апелляциялық соты президент Дональд Трамп әкімшілігіне Ақ үй аумағында бал залының құрылысын жалғастыруға тыйым салған болатын.