Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Абсолюттік жекпе-жек чемпионатының (UFC) басшысы Дана Уайтқа Ақ үйде қызмет ұсынды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Америка мемлекетінің басшысы танымал спорт функционерін Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметіне шақырды. Бұл орын Кэти Захария қызметтен босатылғаннан кейін бос қалды. Ол бұл қызметте бес күн ғана отырып, алғашқы брифингтен кейін кеткен еді.
Сонымен қатар Трамп Уайтқа UFC-дің бірнеше қазіргі және бұрынғы файтерін, оның ішінде АҚШ азаматтығы жоқтарын да командаға тартуды ұсынды.
«Ұлы Дана Уайтқа — айбынды файтер әрі жауынгерге — Америка Құрама Штаттарының баспасөз хатшысы қызметі ұсынылғанын қуана хабарлаймын. Мен одан көмекшілерін алып келуін өтінді, тіпті олардың кейбірі біздің елдің азаматы болмаса да — Ислам Махачев, Хабиб Нұрмагомедов, Джастин Гэтжи, Даниэль Кормье, Аманда Нуньес және Кайла Харрис сияқтыларды. Бізге бұл адамдар жынды солшылдардан қорғану үшін керек. Дана ешкімге ұқсамайтын баспасөз хатшысы болады. Өтінемін, осы жұмысқа келісе көр!» — деп жазды Трамп.
Уайт АҚШ президентінің жазбасын өзінің Instagram-stories парақшасына жариялады. Сол жерде UFC басшысы өзінің Ақ үй баспасөз хатшысы бейнесіндегі суретін де орналастырды. Иллюстрацияға «Келесі тарауға көшеміз» деген қолтаңба қойылған.
Бұған дейін Трамп республикашылдардың аралық сайлаудағы жеңілісі аясында Ақ үй аппаратының басшылығын ауыстырған болатын. Оның жаңа басшысы Стивен Миллер болады.


