АҚШ президенті Дональд Трамп американдық киноиндустриядағы дағдарысты мәлімдеп, жергілікті студияларға салық жеңілдіктерін енгізуді конгреске ұсынды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бұл бастаманы ол «Оскар» сыйлығының иегері, актер Джон Войтпен кездесуде талқылады. Бұған дейін Трамп оны Голливуд істері жөніндегі өзінің арнайы өкілі етіп тағайындаған болатын.
«Голливуд — бұл толық және мүлдем апат! Атағы даңқты болғанымен, онда жұмыс мүлдем жоқ. Өндіріс Канада мен басқа елдерге көшіп кетті, ал АҚШ-та ештеңе түсірілмейді. Джон және саланың басқа да көптеген өкілдері федералды салық ынталандыруларын енгізуді ұсынып отыр, біздің кино бизнесімізді қайтадан ұлы ету үшін», — деді Ақ үйдің басшысы.
АҚШ президенті студиялардың шетелге жаппай кетуі Калифорния мен басқа штаттарға елеулі экономикалық зиян келтіреді деп санайды.
Трамп бұл мәселе бойынша конгрестегі екі партияның көшбасшыларымен консультациялар ұйымдастырғысы келеді және салық жеңілдіктеріне американдық бюджеттің шығындары жұмыспен қамтудың өсуі мен федералды бюджет кірістерінің арқасында «он есе өтеледі» деген сенім білдірді.


