- 19 сәу. 2022 00:00
- 381
Туған өлкем - шырайлы Шымкент
Жат жерде қанша тұрақтасаң да, өзіңнің туып өскен жеріне ешбір жер жетпейді ғой, шіркін! Кіндік қаның тамған жердің әрбір ауасы, шөбі де, самал желі де, таулары мен жеміс берер ағашы, бәрі-бәрі жаныңа ыстық леп беріп тұрады.
Менің туып-өскен жерім - Шымкент қаласы. Қазіргі таңда, Шымқаламыз үшінші мегаполис болып саналып, күннен күнге жайқалып, құлпырып келе жатыр. Халқы қонақжай, келген кісіні жайдары жүзбен қарсы алады. Қаланың әсемдігін мен қатар, бұл жерде қазақилықтың иісі анқып тұрады. Оған дәлел, қаладағы ойын-сауық орындары мен музей және тағы көрнекі орындар. Қаламыздың ауасы кең, суы мөлдір, топырағы құнарлы. Себебі, Шымкентте түрлі гүлдің түрлері мен жемістер, көкеністер өседі. Ол еліміздің әр өңіріне жеделтіліп жатады. Халқымыз сырттан адам келсе, асынан дәм ауыз тигізіп, қаланың әсемдігін тамашалатады. Бұл қалада еліміздің ірі қайраткерлері, ақын-жазушылары туып-өскен. Шымкент-құтты мекен. Қаланың сыртында кесенелер мен түрлі киелі орындар бой көтеріп тұр. Қалаға қонақ болып келгендер, міндетті түрде осы киелі орындарға жол туралағаны дұрыс деп санаймын.
Қаламыз заманауилықтан да кем түспес. Шымкентті жастар қауымы, тек жастар ғана емес дәмді самсасы мен ерекше кәуабымен таниды. Қалада жастарға арналған ойын-сауық кешендері де аз емес.
Осындай шаһарда туылып, бой жетіп өскеніме мен қуанамын.
Шымкентімнің мақтан тұтар тұстары қаншама. Келген адамды өзіңе баурап алатын-бұл қала Қазақстанның «үшінші қала»атағын алуы да себепсіз емес. Жат жерде білім алып жүріп, туған жерге деген сағыныш, мені сонда жетелейді. »Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»деп бекер айтпаған ғой. Әрбір адамның туған елі өзіне ыстық ұя.
Бүгінде қаламыз күннен күнге бой көтеріп, құлпырып келе жатыр. Білім жағынан да, мәдениет жағынан да өлкеміздің ойып алардай орны бар. Осы үшінде мен Шырайлы Шымкентімді мақтан етемін!
Орындаған: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1 курс студенті Бостан Дариға
Жетекшісі: Қазақстан тарих кафедрасының доценті Джолдыбаева У. М.