Синоптиктер 23 қарашаға Қазақстанның бірқатар облысына дауылды ескерту жариялады: жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Астанада түнде және таңертең тұман болады. Ақмола облысында жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде, ал облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында 23 қарашада жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ертең түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метр, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
23 қарашада түнде және таңертең Абай облысының шығысында және оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысында да тұман болжанады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Ертең Қызылорда облысында, сондай-ақ Жетісу облысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз Алакөл көлдері ауданында кейде секундына 25 метрге жетеді.
23 қарашада Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады.
Синоптиктердің дерегінше, Павлодар облысында ертең жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, күндіз жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ. Ал Атырау облысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында және солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
23 қарашада Түркістан облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында секундына 15-20 метр, таңертең және күндіз облыстың таулы асуларында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Ертең Ақтөбе облысында жауын-шашын болжанады. Тұман, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ күтіледі.
Ертең түнде Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
23 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Синоптиктердің дерегінше, ертең тұман Қарағанды және Алматы облыстарын да қамтиды.
23 қарашада түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.


