Күнделікті жоспар биология 6 сынып
Сабақ: 25
Тақырыбы: §27. Тұқым. Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы
Сабақтың мақсаты: өсімдіктің генеративті мүшесі – тұқым, оның құрам бөліктерін, дара жарнақты және қос жарнақты тұқымдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып оқыту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік – тұқымның әрбір бөліктерінің қызметін, өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру;
Дамытушылық – өздігінен іздену, қосымша материалдарды пайдалану дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Сабақтың әдісі: салыстыра оқыту
Сабақтың көрнекілігі: «Тұқым» тақырыбында электрондық көрсетілімдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады (түзіледі), неше топқа бөлінеді?
Шырынды жемістер нешеге бөлінеді, әр түріне мысал келтіріңдер.
Неліктен құрғақ жеміс деп аталады?
Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске жатқызбайды?
Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер.
Жидек жеміс пен жидек тәрізді жемістерді сипаттап мысалмен түсіндіріңдер.
Жұмбақтардың жауабын шешу:
1. Ұзын мұртты сарылар,
Қырман толы дәні бар (бидай)
2. Аласа тал, тамаша тал,
Самсап тұр алмасы (қызанақ)
3. Біреуін жерге беріп
Күзде оны тереді (тұқым)
4. Тіл үйірген дәмі бар,
Сары алтын түс сәні бар.
Шақсаң егер кептіріп,
Сүйегінің дәмі бар (өрік)
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жаңа сабақты зертханалық жұмысты жасата отырып түсіндіру.
▪ Қос жарнақты
1. Екі тұқым жарнағы бар
2. Қабығы суға жібіткенде тез сылынады
3. Қоректік зат тұқым жарнағында жиналады
▪ Дара жарнақты
1. Бір тұқым жарнағы бар
2. Қабығын суға жібіткенде ажырату қиын
3. Қоректік зат эндоспермде жиналады
▪ Ұқсастығы
1. Тұқым жарнағы бар
2. Қабығы тығыз
3. Ұрық:
- сабақша;
- тамырша
- бүршікше
№15 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы.
Мақсаты: Қос жарнақты және дара жарнақты өсімдіктердің тұқымдарының құрылысын қарай отырып айырмашалықтарын анықтау.
Құрал - жабдықтар: қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың жинақтамалары, алдын ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен бидай), өткір ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа) және т. б.
Жұмыстың барысы:
1. Құрғақ және суға жібітілген үрмебұршақ тұқымының пішінін, қабығының түсін, кіндігінің қай жерде орналасқандығын анықтап суретін салу.
2. Жібітілген тұқымның қабығын (қауызын) ептеп сылып, ішіндегі екі жарнағы мен ұрығының орналасуының суретін салу (оқулықтың суретімен салыстыру).
3. Ұрық бөлімшелерін ұлғайтқыш қол әйнекпен қарап, атын жазу.
4. Бидай тұқымының сыртқы құрылысын, пішінін, ұрық орналасқан бөлімі (үшкірлеу жағында) және жарнағының білеуленіп білінетінін қол әйнекпен қарау, суретін салу, атын жазу.
5. Ойыстау жағынан (сайынан) ұзынынан екіге (ұстарамен) бөліп ішкі бөлімдерін талдап, аттарын жазу. Қабығының (қауызының) ерекшелігіне көңіл аудару.
Нәтижесі: Әрбір тұқымның құрылысын жаз:
Толық нұсқасын жүктеу
Тұқым. Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы
<!--dle_leech_begin-->
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз631 қаралым
#тұқым#күнделікті сабақ жоспары#құрылысы#биология 6 сынып#қос жарнақты#дара жарнақты#тұқымдар
Ұсынылады
Сайгак популяциясы рекордтық деңгейге жетті: биолог басты қауіптерді атады
Қазақстанда киік саны миллиондап өсіп, бірақ бұл жағдай жаңа қауіптер тудыруы мүмкін. Биолог Қажым Жұмалиев бұл мәселенің себептері мен салдары туралы айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 8 маусым
Маңғыстаудағы Үстірт қорығында Алтынқыз есімді барыс қайта көрінді
Сирек кездесетін барыс Алтынқыз биыл наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түсіп, зерттеушілерді қуантты. Ол 450 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өткен.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 7 маусым
Кофе ішектерге қалай әсер етеді: ғалымдардың жаңартылған зерттеуі
Ирландиялық ғалымдар кофе ішудің адам ағзасына, әсіресе ішек микрофлорасына әсерін зерттеді. Нәтижелер қызықты болды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 6 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

