
- 24 нау. 2025 22:50
- 52
Түркияда наразылық күшейіп, журналистер ұстала бастады
Ыстамбұлда бесінші күнге жалғасып жатқан наразылық шерулері толастар емес. Керісінше, жағдай ушығып барады. Түркияның құқық қорғау органдары шерушілермен бірге журналистерді де ұстауға кірісті.
Disk-Basin-is кәсіподақ ұйымының хабарлауынша, бүгінге дейін кемінде сегіз репортер мен фотожурналист үйінен әкетілген. Ұйым бұл әрекетті сөз бостандығына қысым ретінде бағалап, билікті журналистерді дереу босатуға шақырды.
Наразылықтар Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлының тұтқындалуынан кейін басталған болатын.
"Сендер журналистердің үнін өшіру арқылы шындықты жасыра алмайсыңдар!" – деп мәлімдеді кәсіподақ өкілдері.