50 жастан асқан адамдар ұйқысыздықтан зардап шексе немесе тәулігіне тоғыз сағаттан артық ұйықтауға дағдыланса, орта есеппен еңбек қызметін ертерек тоқтатады. Бұл туралы SciTechDaily жазып, infohub.kz сайты хабарлады.

Зерттеушілер 76 мыңнан астам адам қатысқан екі финдік жобаның деректерін талдады. Ғалымдар 50 жастағы тұрғындардың ұйқы сапасы мен ұзақтығы туралы сауалнамаларын зейнетақы тіркелімдерімен салыстырып, 50 мен 68 жас аралығындағы күтілетін еңбек өмірінің ұзақтығын бағалады.

Ұйқысында проблемасы жоқ адамдар орта есеппен тағы 13 жыл бес ай жұмыс істегені анықталды. Ауыр бұзылыстары бар — ұйықтап қалу қиындығы, жиі ояну немесе таңертең шаршау сезімі — қатысушылар сегіз ай аз еңбек етті. Тоғыз сағат және одан да көп тұрақты ұйқы бұл көрсеткішті тоғыз айдан екі жарым жылға дейін қысқартты. Ал жеті сағаттан аз ұйқы мансап ұзақтығына әсер етпеді.

Айырмашылық білім деңгейі мен кәсіпті ескергенде барынша айқын байқалды. Білім деңгейі төмен және бірсарынды жұмыспен айналысатын, тоғыз және одан да көп сағат ұйықтайтын ерлер орта есеппен алты жарым жылдай жұмыспен қамтылған күйде қалды. Авторлар зерттеудің бақылау сипатында екенін және тікелей себеп-салдар байланысын дәлелдемейтінін атап өтті, өйткені екі факторға да жасырын аурулар немесе еңбек жағдайлары әсер етуі мүмкін.