Шығыс Қазақстан облысындағы Улан ауданында 600-ден астам педагогтің дербес деректерінің жайылуына жол берілмеді, деп хабарлайды infohub.kz.
Анықталғандай, мектептер мен балабақшалар міндетті медициналық тексеруден өткізу бойынша сатып алу туралы хабарландыруларды жариялау кезінде құжаттамаға өз қызметкерлерінің толық тізімін тіркеген. Осылайша, мемлекеттік сатып алу порталында шектеусіз адамдар тобы үшін ашық қолжетімділікте қызметкерлердің толық сауалнама деректері (ТАӘ мен ЖСН), атқаратын лауазымдары, тұрғылықты мекенжайлары мен жеке байланыс телефон нөмірлері қалған. Бұл құпия ақпараттың таралуына тікелей қауіп төндірген.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар толығымен жойылып, заңсыз жарияланған 611 қызметкердің деректері жұртшылықтан алынып тасталды. Кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.
ШҚО прокуратурасы дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу немесе тарату үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қатаң әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.


