Ұлы саяхатшылар (7 - сынып)
Түсінік хат.
Материктер мен мұхиттар географиясы – мектеп географиясының ең қызықты, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға мүмкіншілігі жоғары буыны. Сондықтан да бұл ұсынылып отырған «Ұлы саяхатшылар» атты 7 - сыныпқа арналған элективті курста оқушылар сол материктер мен мұхиттарды зерттеуші – саяхатшылардың өмірі мен қызықты да қатерлі, қиын сапарлары, ашқан жаңалықтары, қалдырған еңбектері туралы жан жақты мәліметтер ала алады.
Сонымен қатар оқушылар бұл курста саяхатшылардың өмірімен танысып қана қоймай, олардың жүрген жерлерінің жолсызбаларын кескін картаға түсіріп, глобус, картада бағдарлауға, әр түрлі өлшем сызу жұмыстарын жүргізе отырып сарамандық және түрлі шығармашылық тапсырмалар да орындайды.
Оқу курсының мазмұны оқушылардың таным белсенділігін дамытуға, өз бетімен ізденуге және география пәніне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Мақсаты:
Материктер мен мұхиттардың ашылуына зор үлес қосқан зерттеуші - саяхатшылардың өмірі мен қызықты да қатерлі, қиын сапарлары, ашқан жаңалықтары, қалдырған еңбектері туралы жан жақты мәліметтер беру арқылы оқушылардың білімдерін дамытып, тереңдету, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Міндеті:
Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу;
Оқушылардың танымдық және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру;
Өздік жұмыс жасауына ықпал жасау;
Географиялық карта, атластармен жұмыс жасай білуге, географиялық әдебиеттерден қажетті мәліметтерді жинай білуге дағдыландыру;
Оқыту формасы:
Ізденіс - зерттеу, практикалық, әңгімелесу - сұхбаттасу, түсіндіру - баяндау, лекция, топтық ізденістер, бақылау - тексеру, сайыстар.
Қолданатын құрал - жабдықтар:
Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер.
«Ұлы саяхатшылар»
Бағдарламаның тақырыптық жоспары. (Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат)
Ақмола облысы, Зеренді ауданы
Бірлестік орта мектебі
География пәні мұғалімі: Який Хайрат
Ұлы саяхатшылар
Ұлы саяхатшылар (7 - сынып)
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз597 қаралым
#бағдарлама#тақырыптық жоспар#материктер мен мұхиттар географиясы#ұлы саяхатшылар
Ұсынылады
Алматының "төменгі жағы": Көбірек қорқатын ауданның тыныс-тіршілігі
Алматының "төменгі бөлігі" туралы қалыптасқан пікірлер мен шындық арасындағы алшақтықты зерттеген журналистік материал.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 11 маусым
Астана: Екі жағаның айырмашылығы неде? Артықшылықтары мен кемшіліктері
Елорданың сол және оң жағалаулары арасындағы айырмашылықтарды, олардың ерекшеліктерін және тұрғындар үшін маңыздылығын зерттейміз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 2 маусым
Әлемдегі ең ірі қалалардың бірі ғарыштан көрінетіндей жылдамдықпен батып барады
Мексика астанасы Мехико жер асты суын шамадан тыс пайдалану салдарынан жылдам шөгіп барады. Бұл жағдай ғарыштан да көрінеді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 6 мамыр
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

